Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы

Біздің ертеңгі болашағымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

Баланың өсіп - өркендеуіне, қоршаған ортадағы дүниеге көз қарасының дамуына, олардың тілдерінің дамып, өз ойларын толық жеткізе білуіне ойынның алатын орыны ерекше.

Мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады, жүреді, жүгіреді, ойнайды.

Ойынмен балалардың дейіні, ойлау, қабілетті, тапқырлығы арта түседі.

Халық даналығындағы - «ойнай білмеген, ойлайда білмейді», «ойында озған, өмірде де озады» - деген аталы сөздің сырына жүгінсең мектеп алды баланың ойынға деген құлқы, қарым -қатынасы, мінез - құлық көріністері. Олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.

Ойын - баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін қоршаған орта да үлкендер сияқты өмір сүреді, әрекет етеді. Ойын әрекетінің ең негізгі түрлерінің бірі дидактикалық ойын. Бала жеке және белсенді әрекеттер арқылы адамгершілікке және әсершілдікке бейімделіп өзара қарым - қаынас жасайды.

Ойын арқылы балаларды жан - жақты тәрбиелейміз.

Дидактикалық ойындар тапсырмаларды шешуде мектеп алды оқушыларына қолайлы жағдай туғызады. Ойын барысында бала шығармашылығын байытуға бағыт алады. Әрекеті арқылы баланың қимыл - қозғалысы, дене бітімі жетілдірілсе, амал тәсілдері ой - сананың дамуына ықпал етеді.

Ойын негізінде шеңбер бойында өткен дұрыс. Өйткені бала әр уақытта бар оқиғаның ортасында болғанды ұнатады. Шеңбер бойында мейірімді, бір- бірін түсінетін, бір- біріне жақсылық тілейтін балалар отырады. Шеңбердегі жылулық пен қайырымдылық баланың өзіне деген сенімділігі арттыра түседі.

Баланың тілін дамытуда сөйлеу, тілдің дыбысталуына сөздік қорын жетілдіру үшін, сабақта ойын кезінде дидактикалық ойындардың маңызы зор.

Оқу барысында баланың зейіні, тіл байлығы, қиялы жетіліп, сөздік қорлары мен есте сақтау қабілеттері дамуы өзін- өзі бақылауға үйренеді.

Біздің мақсатымыз - баланы Отанын,туған жерін сүйе білетін азамат етіп тәрбиелеу.

Сахналық ойын кезінде баланың қиялы,білуге деген ұмтылысы,достары арасында ұжымның қарым- қатынасы артып, белсенділігі қалыптасып достарымен жақсы сыйластықты білуге үйретеді.

Баланың бойына ұлттық әдетғұрып,салт -дәстүр мұраларын сіңірген,болашақ табиғат жанашыры болатын рухани жан-дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Ойын ойнағанда ойынның шартын дұрыс орындап, ондағы суреттер мен тапсырмаларға жауап беріп үйретеді.әрекет кезінде жолдастарын тыңдап, қатесін дүзетіп ойынға ынталанады.

Ойын сабақты бекіту:меңгерген тапсырма туралы білімдерін кеңейтіп,шығармашылығын дамытуда тіл байлығын молайту үшін,сабақ тақырыбында мақсатына сай таңдап алынады.

Табиғат - адам баласын азамат етіп қалыптастыруда таптырмайтын тәрбие құралы.Табиғат сырын түсіну арқылы бала сұлулықты сезініп,оған қуанады адамгершілік, мейірбандық сезімі орнығады.

Табиғаттың әсемдігін сезіну баланың шығармашылығын ойын,өсіріп,талғамға жетілдіріп,тіл байлығын арттырады.

Бүгінгі балалар - ертеңгі еліміздің балшақ азаматтары екенін естен шығармауымыз керек.



© 2010-2022