Презентация по дошкольному Мамандықтын бари жаксы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»













БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ:




Өскемен қаласы

2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Естиярлар тобы)

Білім беру саласы: Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.
Көрнекілігі: слайд, мамандар киім үлгілері.
Әдіс - тәсіл: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Қостілдік компонент: профессия - мамандық , тігінші - портниха, дәрігер - врач, шаштараз - парихмакер,

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар бүгін бізде ерекше күн, тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасады.
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады.(әр қайсысында бір тал гүл) бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- Балабақшамыз көркейе берсін.
- Деніміз сау болсын.
- Балалар қараңдаршы сендердің гүл шоқтарың үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Мінеки өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.

Балалар бір-бірімен жылы жүзбен амандасады.

Ұйымдастырушылық

Ізденістік

































































Сергіту сәті:

Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Слайд көрсету, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.
Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап жұмысы.
Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші оларға қуанды.
Аспазшы дәмді етіп тағам пісірді.
Ал егер жөтеле қалсақ
Дәрігер емдем жазады.


Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1 - бала.

Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.

2 - бала. Отанның ұланын
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.

3 - бала. Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.
4 - бала.

Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
5 - бала.

Бірде қырға шабады.
Бірде тауға шабады.
Ағам дамыл таппайды.
Қашан демін алады.
Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын:

«Мамандық құралын тап» Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.
Сюжетті рольді ойын: «Дәрігер» Ойын барысында балалар бір - бірімен қарым - қатынасты нығайту барысында сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері оянады.


тігінші , дәрігер, шаштараз





















Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.




Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар біз бүгін мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық оның еңбек екендігін білдік. рольдерге бөлініп дәрігердің жақсы маман екендігін ойын арқылы көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадыңдар, мінекей қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек.
Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді.
еңбегін Нені біледі: Үлкендердің, мамандық иелерінің бағалай біледі.

Сабакты талдауым.Мен мына сабак жоспарын алған себебім зерек бағдарламасы бойынша жас ерекшелігіне сай. Менін такырыбым мамандықтың бәрі жаксы екенін оны дұрыс таңдай білу керектігін түсіндру. Әр мамандык иесіне кұрметпен қарауға үйрету. Мен алған сабағымды аша білдім,балалардың кызылушылығын ояттым.Балалар сабакта өте белсене катыса білді,бір-бірін тыңдай білді.Өздері өскенде кім болғылары келтіндерін айтып өз ойларымен бөлісті.Мен сабағымда өз максатыма жете білдім деп ойлаймын. Ал кемшілігім сабак басында кобалжыдым бірақ өз ойымды жинактап алдым.

© 2010-2022