Көркем әдебиет «Тәуелсіз Қазақстан»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан».

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер қажетті құралдар: Қ.Р. рәміздері, Тәуесіздік монументінің, Астана қаласының, Бәйтеректің, Ақорданың суреттері, слайд, глобус.

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай!

Қуантатын күн келді!

Қайырлы таң, қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

Далаға шыққында жоғарыдан не көреміз?

Төменнен не көреміз?

Ендеше біз де аспан, жер, күнмен амандасып бүгінгі күнді жақсы қарсы алайық.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.


Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

Алақай деп қуанамыз.

Төменнен жерді, суды, шөпті көреміз.

Ұйымдасты-

рушылық-ізденістік





























Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

-Ал сары түс ше?

-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?

-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?

(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)

Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.

1.Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар. Алуа

2.Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан-досың,бауырың.

Қазақстан туған ел. М.Жансая

4.Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың,бауырың

Отан-досың,астанаң

Отан-аудан,ауылың. Адель

Бақыт елі-бұл Отан,

Бәріне де иемін.

Біздің Отан-ұлы Отан

Ұлы Отанды сүйеміз Нұрасыл

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігін боп тербеткен

Отаным-Қазақстаным Малика

- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

« Отан -елдің анасы».

« Отан - оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан басталады».

« Жері байдың елі бай». т.б.

«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»

- Жарайсыңдар, балалар.

Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету.

Астана - арман қала

Астана - сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында. Айша

-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

М.Жансая

Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

-Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады.

Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін.

Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

-Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)

Таир, Алуа, Анар.

Сергіту сәті:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жеріне гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.

Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба?

Тәуелсіз еркін елде біз

Дүниеге келгенбіз.

Көк ту мен елтаңбамыз,

Бар біздің өз теңгеміз.

Тәуелсіз-еркіндік, теңдік, егемендік деген мағынаны білдіреді.

Теңге-біздің төл ақшамыз.

(Балалар кішкентай жүрекшелерді жер шарына жапсырады)

1. Еліміз аман болсын!

2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

3. Көк туымыз биік болсын!

4. Аспанымыз ашық болсын!

5. Әрқашан соғыс болмасын!

6. Күніміз жарқырай берсін!

7. Елбасымыз жасай берсін!

8. Табиғатымыз сұлу болсын!

9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!

10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!

11. Болашағымыз жарқын болсын!

12. Астанамыз көркейе берсін!

Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!

Ендеші өзімідің тобымыздағы Анар өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.

-Дөңгелек шарға!

Мұхиттар, көлдер, өзендер.

Мемлекеттер мен елдер!-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.

-Қазақстан!











(Балалар жауабы)



-Астана қаласы



-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ту, Елтаңба, Әнұран

Мынау Қазақстан Республикасының туы. Мемлекеттік тудың түсі көгілдір.Ортасында алтын күн орналасқан.Күн астында қыран құс бейнеленген.Шетінде ұлттық өрнек бар Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы.

Көгілдір шеңбер ішінде, Алтын түсті дәл ортасында шаңырақ, уықтары, екі жақта қос қанатты тұлпар, қанаттарында бидай бейнелген. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жулдыз бар.Елтаңбаның төмегі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар.

Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

- Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Тәуелсіздік ,еркіндік, теңдік, егемендік,ту, гимн, елтаңба, теңге сөздерін қайталайды.






Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді.

Игереді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімді.

Қолданады: тәуелсіздік, Астан, елтаңба, ту туралы тақпақтарды айтып бере алады.



© 2010-2022