Мүсіндеу. Тақырыбы: Жемістер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« » ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы.

«-------- »----------------------------

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырып: Жемістер (алма,алмұрт)

Бағдарламалық міндеттер: пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің материалы: жемістер, жеміс муляждары, \«Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик, ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыстар: көрме орнын даярлау.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Билингваль құрауыш: жемістер - фрукты

Іс - әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушылығып ояту кезеңі

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік! ( Ө.Тұрманжанов )

Педагог бейнероликті қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

- Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер?

Мүсіндеу . Тақырыбы: Жемістер


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

- Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

- Күз мезгілі.

- Алма, алмұрт, жүзім.

- Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастыру-

шылық

ізденістік кезеңі




Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіріп, қолында жеміс толы себеті бар.

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.

«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

- Мынау қандай жеміс?

- Мынау ше?

- Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

- Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

- Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алқанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.

№ 1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.

Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алқанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.

Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.

Жапырақты алдымен сабағына орналастырамыз.Алмамыз дайын болды.

Мүсіндеу . Тақырыбы: ЖемістерМүсіндеу . Тақырыбы: Жемістер

Сергіту сәті:

Кәне, кімнің бойы ұзын?

Паровоз ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық. ( 2рет)

( Ж.Смақов )

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексаздыалып, алқанға салып жұмсартамыз.

Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналасыратмыз.

«Күз аруы» мен педагог балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.

Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйын тамашалайды.

- Алма.

- Алмұрт.

- Жүзім.

Орындарына отырып, жұмысқа кіріседі. Затқа қарай отырап, алма мен алмұртты мүсіндейді.





Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті жинақтау кезеңі


«Күз аруы» мен педагог сабақты қорытады:

1.Балалар жұмысынан көрме;

2.Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;

3.«Күз аруы» сый таратады (күтуші жуып даярлайды)

Шаттық шеңбері:

Жылу берген күнге рақмет,

Тіршілік берген жерге рақмет,

Өсім берген суға рақмет.

Бізге жеміс әкелген,

«Күз аруына» рақмет.

Балалар жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі , түрі, түсі, пішіні туралы айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жеміс-жидектер - табиғаттың сыйы екендігі;

Қандай түсініктерді игерді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.



© 2010-2022