Статья на тему Дәстүрлі емес (балабақша)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған саусақ ойыны баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- Баланың тілі жетіледі;
- Қимыл - қозғалысы артады;
- Икемділігі артады;
- Қисынды ойлауы дамиды;
- Танымдық деңгейі артады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойынының шарты түсіндіріледі әр қимылы көрсетіледі.

«Жасыру»

Ойын шарты:Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.

«Моншақтармен ойын»

Қызыл-сары көк моншақ.

Мен жасаймын көп моншақ

Ойын шарты: Балаға әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.

Баулармен ойын

Ойын шарты: Баулар таратылады олардың әр жерден түйілген түйіншектерін қолдарымен ұстайды. Бұл ойынды ойнау арқылы сенсомоторлық бағдарлауы, ұсақ моторикасы, жазықтықта бағдарлауы, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игерулеріне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

«Тіс щеткасымен ойын»

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады, тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.

«Жаңғақтармен ойын »

Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды.

Дәстүрлі емес саусақ ойындарының түрлері:

- Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

-Жасыру;

-Қысқыштармен ойналатын ойындар;

-Баулармен ойындар;

-Моншақтармен ойындар;

- Тоқымаға шеңбер өткізу;

- Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

- Тиындарды іріктеу;

- Жарманы жинау;

- Сіріңкемен жұмыс;

- Қағазбен жұмыс;

- Жапсыру (балшықтан, пластелиннен,

қамырдан);

- Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

- Жуан жіппен түйіншек жасау;

- Құммен, сумен ойнау;

- Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

- Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

- Конструктор немесе кубиктер ойнау;

- Ауада сурет салу;

- Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б); - Қолөнері;

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; өзінің төсегін салуға немесе жинауға, жазу жазуға, текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Мақсатты практикалық әрекеттер(практис), манипуляция үдерісінде дамиды, сондықтан, ата-аналар баланы аяп, барлық нәрсені бала үшін өздері орындауға тырысатын болса, ол практикалық тәжірибеден айырылады, праксистің дамуы тежеледі, демек, екінші рет апраксия пайда болады. Апраксия құбылыстары, өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық маңызға ие.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады.

-қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

-алақанға өзіндік массаж.

-қол саусақтарына өзіндік массаж.

Саусақтарға арналған гимнастика - бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді.





© 2010-2022