Қатынас. Тақырыбы: Күз кереметі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қатынас. Тақырыбы: Күз кереметі.

Кіші сала: Сауат ашу.

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастырту.

Міндеттері:1.Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.

2.Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.

3.Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Үштілдік: Бақша-сад-Garden. Отырғызу-сажать-seat.Жемістер-фрукты-fruit.

Сөздік жұмыс: Бау, бақша..

Көрнекіліктер:Суреттер, әліппе дәптер.

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру,

дәлелдеу

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, әнді бірге қосылып айтады.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бәрі бірге әндетіп айтады.

Ұйымдастыру,

ізденіс

Жұмбақ шешу.

Аспай піскен, қайнамай түскен.

Жеміс.

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

Сәбіз.

Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді. Қарбыз.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Бақ- әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша- көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

«Дәміне қарай ажырат» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

Дәптермен жұмыс.

6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру. Тәрбиеші балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:

-Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

-Бақта не өседі?(Алма, алмұрт, шие, т.б.).

-Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?(Жемістер)

Сергіту сәтін өткізу.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Бақшада қандай жеміс өсетіндерін айтады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.


Балалар сұраққа жауап береді.


Балалар қимылмен көрсетеді.

Қорытынды

Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.

Күздің қандай кереметін сездіңдер?

Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі?

Суреттен жемістерді атаңдар.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтетін нәтиже.Білуі керек:

-Күз мезгілінің ерекшеліктерін білу керек.

Хабары болуы керек:

- Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызын

-Істей білуі керек:

- Жазуға қолдарын жаттықтыра білу керек.

Есеп:----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

© 2010-2022