Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар.

Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.

Алты жасар баланың қолынан бұлшық еттері мен саусақтарының әлсіздігі, олардың арасындағы моторикасы (қарым -қатынас үйлесімділігі орамдығы мен қиялының шапшандығы) жоғары деңгейде дамыған. Қарапайым математикалық түсініктерімен таныстыру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру дың негізгі түрі - ойын. Әр ойын өзіне тиісті үш мақсатта, яғни білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында. Ойын ұйымдастыру түрлерін, әдіс-тәсілдердің технологиясын тәрбиеші өзі таңдайды.

Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады. Технология - білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс - тәсілдер жиынтығы. Технология - деген кең ұғым. Ол өнер, шеберлік, іскерлік деген мағынаны білдіреді. Сабақты жоспарлауда тәрбиешінің білімділігі, іздемпаздығы, меңгеру, педагогикалық шеберлігі үлкен роль атқарады. Сабақ үстінде баланаң көңіл - күйін, зейінің әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлауға, танымдылығын дамыту үшін пікір алысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты. Педагог-тәрбиеші - баланы жігерлендіруші, қуат беруші.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздернің ойын туралы еңбектерінде «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес - десе, ғалым В.А.Сухамлинский, Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың «ойын» деген сөзіне сипаттама берді

Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек. Тәрбиеші ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін берілетін танымның білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.

Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, мінез - құлқын, ерік - жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды.Сын, пішін, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау, тиісті білім дағдылары осы тақырып төңірегінде болмақ.

Топта жаңадан сан және есеп ұғымдарын меңгергендері жөн. Заттардың кеңістікте орналасу бағытын, уақытын бағдарлауға заттардың түр-түсіне, көлеміне қарай салыстыра, ажырата білуге үйренеді. Түрлі заттардың сапасын, қасиеті, сандық ерекшелігі туралы түсініктері кеңейтіледі. Мысалы, сан мен саны ұқсас суреттерді сызық арқылы тұтастау. Сол сияқты тұсындағы цифр нешеу болса, соншасын сол қате жазылған сандарды қоршап көрсету, жаңа үйдің нешінші қабатында, нешінші пәтерінде кім тұрады,- деген сауалға дұрыс табуға ойлану т.б.

Мектепалды даярлық тобында ауызша сөйлеу тілінде грамматикалық категорияларды байланыстырып әңгіме құрастыруға, оқылған шығарма бойынша үйренген жаңа сөздерді қолдана білуге т.б. шығармашылық тапсырмалар орындауға үйренеді. Санау ұғымына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін сөйлесуде қолдана білу. Сандардың тең, тең еместігін, пішіні, түр-түсіне қарай ажыратуға, топтастыруға ойын жаттығулар арқылы үйрету.

Тақырыпқа орай топ бөлмесіндегі екі затты үшінші шартты өлшеуіштің көиегімен өлшеу арқылы көлемін ажырата білуге баулу. Заттардың ұзындығы, ені, биіктігі, жуан-жіңішкелігіне қарай өзгегені туралы түсініктерін нақтылау, тиянақтау.

Пішіні әр түрлі заттарды сөзбен дұрыс айта білуге жаттықтыру(ұзынырақ, жіңішкілеу, жуандау, т.с.с.)топ бөлмесіндегі ойыншықтармен ойнауға математикалық түсініктерін әрі қарай теңестіру.

Реттік санау туралы ұғымдарын кеңейту. Ойыншықтардың кеңістікте орналасуына байланысты меңгерілген ұғымдарын тиянақтау.

Ересек балалар 10 көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге, сандардың рет қатарын жаңылмай айтуға, ауызша топтастыра білуге, көп, аз, кем, артық ұғымдарын түсініп айтуға үйренеді. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геометриялық пішіндер туралы ұғымдар тереңдетіле өтіледі. Ауызша қосу, азайту амалдарын меңгертеді. Айта кететін бір бір жәйт - тіл дамыту, математикалық қарапайым ұғымдарды меңгерту тақырыптары өзгермейді. Белгілі тақырыптар баланың жас шамасына қарай біртіндеп тереңдетіле дамытылады.

Осындай мақсатпен өткізілген «Бауырсақ еліне саяхат» деген тақырыппен өткізілген сабақты әріптестер назарына ұсынамын.




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»

Бөлімі: Математика, Сауат ашу

Тақырыбы: «Бауырсақ еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау дағдысын дамыту.

Сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.

Баланың тілін, ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс- тәсілі: көрнекілік, сұрақ-сауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған тапсырмалар

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиенің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.

Балаларға қандай сабақ болатынын хабарлау.

Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдіреді. Сабаққа дайындалады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс екенің қайдан білдіңдер?

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындарБаяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

-Қыста неше ай бар?

-Қазір қандай ай?

-балалар мынау бізде не?

-сендер бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?

Онда қандай кейіпкерлер кездеседі?

-Бауырсақ орманға саяхатқа бара жатыр. Онымен бірге біз де барамыз ба? Ендеше қанеки орманға баруға дайындалайық (рефлексия)

-Мынау не балалар?

-Балалар, қоян бауырсақты жеп қоямын дейді.Бірақ егер сендер қоянның тапсырмасын орындасаңдар, ол бауырсақты босатады.Бауырсаққа көмектесеміз бе?

Қоянның тапсырмасы.

«Салыстыру»

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

«Көршісін тап» және «Қапты толтыр» ойыны

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Сергіту сәті

Келесі жолда қасқырға жолығады.

Қасқырдың тапсырмасы

«Буын, Сөз, сөйлемдерге мысалдар келтіру»

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындарБаяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Аюдың тапсырмасы

«Ойлан тап» ойыны.

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындарБаяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Сергіту сәті

Түлкінің тапсырмасы. «Суретжұмбақ»

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

Баяндама Педагогикалық процестегі шығармашылық ойындар

-Қыс мезгілі

-Өйткені даланың барлығын қар жапқан.



Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Балалардың жауаптары.

-Бауырсақ.

-Ия.

-Аю, қоян, қасқыр, түлкі, ата және әже.

-Ия! Балалар қуана келіседі.

Балалар киінгендей болады.

-Қоян.

-Ия көмектесеміз.


Балалар тақтадағы жемістерді және азық-түліктерді салыстырады.

Ойындарға белсене қатысады.

«Көршісін тап» ойныныда мысалы бір бала тақтаға шығады қолында «5» саны. Кейін оның көршілері шығады.

Қаптарды алмаға толтыру үшін, қоянға есептерді толығымен шығаруға көмектеседі.

Сергіту сәтін орындайды.

Сауат ашудан өткендерін естеріне түсіреді.

Балалар 3 сөзден, кейін төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады. Кейін қалам сөзін қатыстырып оған да сөйлем құрастырады.

Бұл жерде балалар әріптердің астын қызыл немес көкпен бояп дәлелдейді.

Сөздерді оқып, неше буыннан тұратындарын айтады.

Кейін алдарында тұрған буындардан сөздер құрайды.

Аюдың тапсырмасын толығымен орындайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Тақтадағы суреттерден қандай сөздер жасырынып тұрғандарын шешеді.

Айгүл, көз, алтын, айту, Алмагүл, Ботакөз.

Суретжұмбақты да табады ондағы сөз «Мектеп»

Түлкінің барлық суретжұмбақтарын шешеді.

Рефлекстік түзету

-Міне балалар сендердің арқаларында бауырсақ аман сау қалды. Бауырсақ сендерге өте риза, Сендерге көп-көп рахметін айтып жатыр. Сендерге сыйлық ретінде тәтті кәмпиттерін сыйға тартуда.

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: өткен тақырыптарды.

Болу:Ұжымдық жұмыстың дағдылары;

Істей алуы: берілген тапсырмаларды орындай алуы.


© 2010-2022