Сауат ашу және жазу Т дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Карсахова Жанна Танжарыковна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:сауат ашу және жазу

Тақырыбы:Т дыбысы және әрпі.

Мақсаты:Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару.

Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктері:әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Қостілді құрам: түлкі-лиса, теледидар-телевизор

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Дөңгелене кілем үстіне отырады.

Әліпбиді қайталау.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу. (ТҮЛКІ)

Жануарлар суреттері

Жылы лебіздерін білдіреді.

Жұмбақтың шешуін табады.

Ұйымдастыру, іздену




Дидактикалық ойын.


Тіл ұстарту.

Дәптермен жұмыс.




Сергіту сәті.


Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады.

Тәрбиеші балалардан суретте не бейнеленгенін сұрайды.

-Ненің суреті?

-Таудың суреті.

-Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Т-дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді.

Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: -та; -ата; -ат.

«Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасын орындату.

«Т әрпін тап» ойынының шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

Тіл ұстарту жаттығуын өткізу.

Та-та-та

Ата, берші бата.

Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.

Т және а дыбыстарын қатыстырып буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.

Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

Т әрпін ауада жазу.

Т әрпін бастырып жазу.

Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.

Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Текшелер, суреттер




Әріптер,

буындар




Әліппе дәптер, кеспе әріптер

Сұрақтарға жауап береді.

Т дыбысымен танысады.


Ойын ойнау.




Тапсырмаларды орындайды.



Қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті түзету

-Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Т дыбысы қандай дыбыс екен?

-Т дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: дыбыстар, әріптер жөнінде біледі.

Қолданады: т дыбысына сөздер құрайды , қолданады

Түсінеді: дыбыс,буын туралы түсінеді



© 2010-2022