«Ана тілің-арың бұл» тақпақшылар сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана тілің-арың бұл» тақпақшылар сайысы


«Ана тілің-арың бұл» тақпақшылар сайысы

Осындай атаумен 22-қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күніне орай Шүлбі орта мектеп-кешенінің Шағын орталық ұйымында «Ана тілің-арың бұл» мерекелік тақпақшылар сайысы

өткізілді. Сайысқа «Қызғалдақ» ортаңғы топ (4-5 жас) және мектепалды даярлық топтарының балалары атсалыса қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты - балабақшадағы балалардың және басқа ұлт балаларының ой-қабілетін біртіндеп қазақыландыру, сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетін көтеру болатын. Бұл сайыста балаларымыз қазақ және орыс тілінде тақпақтарды мәнерлеп, шеберлікпен көрермендерге жеткізе алды. Сайыскерлердің ішінде өзге ұлт балалары да тақпақты мәнерлеп айтып, ата-аналарды, қонақтарды таң тамаша қалдырды.

Сайысты саралап, бағалап отыратын әділқазылар алқасы Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахатаева Жанар Надирқызы, бастауыш сынып мұғалімі Шақанова Жаңылсын Ахметқызы әділ бағаларын беріп, сайыскерлерді бағалап, марапаттады.

Осы сайыста:

І орынды «Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиеленушісі: Абдрахманова Айым,

ІІ орынды «Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиеленушісі: Иманалинова Балжан,

ІІІ орынды «Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиеленушісі: Зубова Людмила иеленді.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, қазіргі таңда балабақша табалдырығынан бастау алатын тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын елімізде өсіп келе жатқан әрбір ұрпаққа қазақ тілін меңгерту басты мақсатымыз. Қазіргі таңда ана тілін оқып-үйренуге көп көңіл бөлуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Ана тілімізді құрметтейік!

Шүлбі орта мектеп-кешені

Мектепалды даярлық және Шағын орталық әдістеме бірлестік жетекшісі: Иргизбаева П.К.


© 2010-2022