Наурыз мейрамына арналған сценарий

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі.

Бала: Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! Наурыз тойы басталды!(Саяжан)

Бала: Көрмегендер көріңіздер! Естімегіңдер естіңіздер!(Руслан )

Бала: Бізге Наурыз келе жатыр!

Жүргізуші: Бақытты бол! (Сыйлық береді)

Келе жатыр жылымыз

Мейрайдаймыз мұны біз

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Наурыз келеді.

Наурыз қыз: (Аружан)

Уа, халайық ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр аңыз

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Жүргізуші: қош келдің Наурыз төрлет. Балалардың өнерлерін тамашалаңыз!

Тақпақ: Айым, Алмат, Жансая

ӘН: «НАУРЫЗ»

Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша білдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

КӨРІНІС

(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)

ШАЛ: шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы, - деп малдас құрып отыра кетеді. Жан-жағына қарайды шал балалармен амандасады

БАЛАЛАР: Сәлеметсіз бе?

ШАЛ: Сәлеметсіңдер ме, балалар сендерде мерекені тойлап жатырсыңдар ма?

Жүргізуші: Ата, қош келдіңіз. Төрлетіңіз балалардың өнерлерін тамашаланыз!

ТАҚПАҚ: Санжар, Ақниет, Руслан, Саяжан, Бауыржан, Аяжан

Жүргізуші: Ата қолыңыздағы қамшыма, ұлдарымыздың би билегісі келеп тұр. Тұлпарларымызды ортаға шақырайық.

БИ: «ТҰЛПАР»

Сол кезде артынан Мыстан кепмір келіп шалды қылқындырады бастайды.

МЫСТАН: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?

ШАЛ: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.

МЫСТАН: Сен маған не бересің?Ойбай не берейін, балалар саған арнап ән айтып береді.

ӘН: «КӨКТЕМ»

ШАЛ: Ендеше, бір отар қой беремін.

МЫСТАН: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

ШАЛ: жарайды, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.

МЫСТАН: Онда келісісен, оны қалай бересің?

ШАЛ: баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.

-Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан алтын сақаның жанында отырады.

(Бала сақасын іздеп шығады) Алмат

БАЛА: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

МЫСТАН: Ой , мен кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.

Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.

ҚЫЗДАР: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.

Осы кезде ортаға Мыстан атып шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

МЫСТАН: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындайсыңдар.

ҚЫЗДАР: Орындаймыз, апа орындаймыз.

МЫСТАН: Онда маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.

ТАҚПАҚ: Ерасыл, Исмира, Мұхамедкәрім, Зара

ҚЫЗДАР: Енді Кенжебекті жібересіз бе?

МЫСТАН: Жарайсыңдар! Енді маған билерінді және ойындарынды көрсетіңдер.

БИ: «ДАСТАРХАН»

ОЙЫН: «ҚЫЗДЫҢ ҚОЛЫНАН ОРАМАЛ АЛУ» ұлттық ойын

МЫСТАН: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.

ҚЫЗДАР: Апа, Кенжебекті жібересіз бе?

МЫСТАН: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?

(Айтыс өнерін көрсетеді)

АЙТЫС: АЯЖАН, ИСЛАМ

МЫСТАН: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.

ҚЫЗДАР: Кенжебекті енді жібересіз бе?

МЫСТАН: қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.

(Қыздар жиналып ақылдасады)

ҚЫЗДАР: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың, өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.

МЫСТАН: Қане, әкел бері көрейін.

Мыстан телефонды алып бұрышқа барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.

МЫСТАН: Әй,әй тоқтаңдар.....

-Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! (Шығып кетеді)

ЖҮРГІЗУШІ: Мынау келе жатқан ата кім?

(Қыдыр ата келеді)

Қыдыр ата: Сәлеметсіңдер балалар!

Балалар: сәлеметсіз бе , Қыдыр ата!

Қыдыр ата: Мына халық не үшін жиналған? Ел басына тағы қандай күн туды деп едім.

ЖҮРІЗУШІ: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.

ӘН: «ТОЙ-ТОЙ»

ОЙЫН: «АСЫҚ ЖИНАУ» ұлттық ойын

БИ: «ҚАРА ЖОРҒА»ҚЫДЫР АТА: Жарайсыңдар балапандарым, менің де баратын жерлерім бар еді. Бүгінгі мейрамға батамды берейін.

Қыдыр ата батасын береді.

Жүргізуші: наурыз құтты болсын!

Дендеріңіз сау болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

© 2010-2022