Методическая разработка Халықтық педагогика

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халықтық педагогика

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу мәселесі қазіргі біздің заманымызда әрқашанда өзекті отыр.

Халық педагогикасы-қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қауымдық, халықтық игі-іс әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Балаларды халық педагогикасына тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке деген дайындығын қарастырады.

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен шағын орталық қызметкерлерінің бірден-бір парызы.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

Шығармашылық баланың сезімдеріне тікелей әсер етеді.Олардың музыкаға деген көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті, жетіле түсуде, шығармашылық елестету сезімі пайда болады.Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны бай әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз, оларды түрлі жағымды әсерлерге бөлене білуге баулимыз. Мысалы, «Туған жер», «Қазақстан» туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызса, түрлі халықтардың әндері мен билері олардың әдет-ғұрыптарын білуге ынталандырады. Музыка мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына, рухани дамуына әсерін тигізеді. «Ұлттық ойындар», «Ұлттық фольклорлық қойылымдар», жұмбақтар, санамақтар, ертегілер пайдалынылады. Балаларға ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым негіздерін өрендерге өнеге ретінде үйретіп жаттықтырамыз.

Өз тәжірибемізді Республикалық басылым журналдар арқылы бөлісіп, облыстық конференцияларға қатысып, жұмыстарымызбен бөлісіп отырамыз.

Тәрбие мен білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы балалардың білім деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай оларды жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды деңгейлі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Осы мақсатпен «Балдаурен» балабақшасының әр тобының тәрбиешісі өз алдына мақсат қоя отырып, белгілі бір салада жұмыс істейді. Мысалға, мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Нарымбетова Гүлжаухар «Этномонтессори» жобасы бойынша жұмыс істеп отыр. Бұл жобаның негізінде Нарымбетова Г. қазақтың ұлттық ойындарын (мысалы: «Тоғыз құмалақ») негізге ала отырып, оларды М.Монтессоридің әдістемесі негізіне салып, жұмыс барысын бір жылға жоспарлап, осы жоспар бойынша жұмыс істеп келеді.

Еліміз тәуелсіздік алып, жаңаша өмір сүру жолына түскенде ең алдымен ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойған тұста, ой-пікірдің мөлдір бастауы саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірініші кезекте тұрады. Ұлтымыздың мақтанышы болған, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген екен, тәуелсіз ел екенімізді әр сәби, әр бала жанымен жүрегімен сезіну керек.

Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің қандай мемлекетте тұратынын, басқа мемлекеттен қандай айырмашылығы бар екендігін білу қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

Қорыта келгенде қоғамдық-мәдени өмірге, мектепке білім алуға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып заманауи білім беруге жаңа талаптар қояды, сондықтан педагогтардың кәсіби ізденушіліктері, кәсіби өсуі әр педагогтың өзіне байланысты.

© 2010-2022