Әжемнің құрты ашық байқау, 1-ші сәбилер тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы КМҚК






«Бөбек» тобы



Ашық байқау


Білім саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Әжемнің құрты»

Әжемнің құрты ашық байқау, 1-ші сәбилер тобы.



Тәрбиеші: Сабырбаева Д.А


2015-2016 оқу жылы


Балаларға біз балабақшада әр түрлі тақырыптар арқылы ақпараттар береміз сол тақырыптардың бірі - «Әжемнің құрты». Бұл тақырыптың басты мақсаты: Ауыл деген не екенін түсіну, ауылдағы үй жануарларын ажырата білу, үй жануарларын атап шығу, Сиырдың пайдасы,Құрттың жасалу жолын үйрену. қолдың ұсақ қимылдарын дамыту. Қысқыштардан төлдерді алып жапсыру. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған қысқыштармен саусақтарды дамыту баланың қылқаламды дұрыс ұстауына да түрткі болады.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту. Мүсіндеу.

Тақырыбы: « Әжемнің құрты»

Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, тақырыбы бойынша ортаға ортақ бір мәселе ұсынылып, осы ұсынылған мәселені шешу үшін балаларға көңіл-күй туғызу. Құрт жасау тәсілін түсіндіру, үлкендерге көмектесудің маңызын айту.

Әдіс-тәсілі: педагогтың сөйлеу үлгісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, түзеу, көмек көрсету, ойын, сергіту сәті, ойлау, қайталау, қорыту, хормен жауаптар, үйлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, қора, құрт.

Көрнекіліктер: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреті, жасалған шөп,қора, үй жануарлар ойыншықтары, әженің үйі, піскен құрт.

Құралдар: тұздан жасалған қамыр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық


Ұйымдастыру кезеңі











Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайырлы таң балалар, бүгін күн қандай керемет,

-Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Біз қандаймыз ,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.

Қуанамыз, шаттанамыз
Күлімдеген күндейміз,.

- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің

Тақырыбы: «Әжемнің құрты»

  1. Орталық, әженің үйі.

Әже:-Менің құлыншақтарым, ботақандарым маған қонаққа келіп қалыпты ғой, Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің келгендеріңе мен қуаныштымын.

-Қандай жақсы болды келгендерің, сендер маған үй шаруасына, үй жануарларына көмектесіңдерші.

-Қане , келе ғойыңдар, мына бөстектерге отыра қалыңдар, біраз демалып , әңгімелесейік.

Әже: - Мен бүгін құрт дайындап отыр едім.

-Сендер білесіңдерме, құртты неден, қалай дайындайтынын,

Ендеше балалар мен құртты қалай жасау тәсілін айта кетейін.

-Балалар , айтыңдаршы біз сүтті қайдан аламыз?. Сүтті бізге не береді?

Сүттен балалар бірнеше тағамдар жасауға болады екен. Сүттен біз май, қаймақ, сүзбе, құрт жасаймыз.

( суреттермен көрсету.)

Құрт жасау үшін,үлкен қазанға от тұтатып, түбіне май жағып, сүтті құйып қайнатамын.

Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін былғауышпен араластырып отырамын.

Әбден қоюланған құртты қапқа құйып ілгішке асып қоямын, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп қолмен сықпалап құрт жасаймын.

-Балалар, менің сендерге беретін тапсырмаларым бар. Сендер қазір менімен бірге қораға барып,үй жануарларымен танысайық.

1. Тапсырма

Мынау қандай жануар? Дауысын естіп ажырату. (Атау)

......,.....,.....,....,

Енді балалар ойын ойнайық «Үй жануарларының төлдерін тап»

2 тапсырма.

-Балалар , сендер нелерді көріп тұрсыңдар?

(Төлдері жіпте қысқыш арқылы ілініп тұрады. Балалар суретті алып, анасына баласын қосады)

Тамаша!

Ал, балалар енді ортаға шығып демалып алайық.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі.

2-орталық: «Мүсіндеу»

Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделіктен ерекше. Өйткені сендер менің үйіме қонаққа келдіңдер. Енді сендер маған құрт жасап бересіңдерме?

-Ендеше балалар, оң қолдарыңа тұзды қамырды алып,,сол қолдарыңмен тұзды қамырды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.

-Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.

Балалардың өздері жасаған құрттарын барлығына көрсетіп, олардың жұмысын мақтайды.

-Енді балалар дайын болған құрттарды қамысқа тізіп, күнге кептіруге қоямыз.

Балалар біз бүгін не жасадық?

Көңіл-күйлерін қандай?

Балалар сендерге әженің ауылына қонаққа келген ұнады ма?

Әже: Балалар мен де сендерге ризамын, сендердің көмектерінің арқасында құртта дайын болды. Енді құртты кептіруге қоямыз.

Қонақтармен қоштасады.

Шеңбер бойына тұрып, шумақтарды қайталап,қимыл арқылы жасайды.



-Сәлеметсізбе, әже!


-ия

Балалар таңырқап мұқият тыңдайды.








Бұл сиыр, қой , жылқы, түйе


Сиырға-бұзау,

Жылқыға -құлын,

Түйеге-бота,

Қоға-қозыны жанына қояды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.


Үзілген тұзды қамырды , алдымен жүмырлап, одан кейін ырғақты домалату әдісіменқұртты әдемілеп, құртқа ұқсатуға тырысып сомдайды.

Мүсіндеген құрттарын табақтарға салып кептіруге қояды.

Барлығы бірге қарайды, көңіл-күйлері көтеріледі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлардың атауын.

Игереді: Құрт жасауды.

Меңгереді: Тұзды қамырдан алақанға салып, ырғақты домалатуды қолданды




«Бекітемін:»

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек»

бөбекжай-балабақшасының КМҚК

меңгерушісі_______Балтабаева Р.Е



«Бөбек» тобы


Ашық байқау


Білім саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Әжемнің құрты»

Әжемнің құрты ашық байқау, 1-ші сәбилер тобы.



Тәрбиеші: Сабырбаева Д.А


2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022