Қош келдің Жаңа жыл жаңа жылдық ертеңгілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жыл ертеңгілігі

Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл!»

(Залдың ортасында сәнді шырша.)


Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.


(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)


Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
-Балалар бүгін бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алуға «Ертегілер әлемінен» қонақтар келеді. Оларды көру үшін біз бәріміз бірге сиқырлы сөз айтуымыз керек! «Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.»
Балалар хормен:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.

(Залға 3 рет шыршаны айналып шығып Желаяқ жүгіріп келеді)

Желаяқ: Уф! Ештеңеден қалып қойған жопын ба? Уақытымен келдім ба? Жүгіргенім сонша тез болғанымен Күнекей қыз, Таусағар мен Көлтаусар қайда қалып қойғанын білмей қалдым. Қазір келіп қалатын шығар. О! Кешіріңіздер! Мен амандаспай, бүгінгі мерекемен құтықтамай тұрғаным несі? Армысыздар құрметті ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндер! Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Жаңа жыл мерекесімен барлықтырыңызды құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа бақыт пен қуаныш әкелсін!

(Ән әуенімен Күнекей қыз, Таусоғар ме Саққұлақ келеді)

Күнекей қыз: Армысыздар құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Сәлеметсіңдер ме кішкентай бүлдіршіндер! Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға ұмытылмас шатты сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Таусоғар: Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Саққұлақ: Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді

Күнекей қыз: Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін жылына 2 рет тойланады. Қазақтар үшін нағыз Жаңа жыл наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Соны біліп қойыңдар балалар!

Жүргізуші: «Ертегілер әлемінен» қош келдіңіздер! Балалар сендерге өз өнерлерін көрсетуге асығып тұр! Біздің балалар ән айтқанды өте жақсы көреді. Балалар Жаңа жыл туралы ән айтамыз ба?

Балалар: Әрине айтамыз!

Жүргізуші: Онда бәримиз қол ұстасып, «Жаңа жыл» әнін айтайық!

(Ән айтып болғаннан кейін Саққұлақ жерге құлағын қойып естіп жатады. Барлығын тыныш алуды сұрайды)

Желаяқ: Саққұлақ! Тыныштық па? Не болып қалды?

Саққұлақ: Біреудің келе жатқан дауысын естіп тұрмын!

Желаяқ: Мен білем бұл кім екен! Бұл Аяз ата мен Ақшақар!

Саққұлақ: Жоқ бір адамның ғана келе жатқанын естіп тұрмын. Өзі ақсақ қой деймін. Осы дауыс маған ұнамай тұр! Келе жатқан дауысы жақындап тұр! Ал кәне көрейік бұл кім екен ақсап келе жатқан?

(Залға Мыстан кемпір ақсап кіріп кетеді де кейіпкерлерді қорқытады)

Мыстан кемпір: Мені күткен жоқсыңдар ма! Мені жаңа жылға шақырмасаңдар да мен бәрі бір келдім! Мені қонаққа шақырмаған үшін сендердің мерекелік көңіл-күйлеріңді бұзамын, шыршаларының быт-шытын шығарамын. Аяз ата мен Ақшақарды сиқырлап тастадым , енді олар сендерге келе алмайды, мерекелеріңді дұрыс болғызбаймын !!!

Күнекей қыз: Оған қалай бардың? Біздің емес мына кішкентай балаларды ренжітуге қалай қолын барды? Балалар сендер мыстан кемпірге ренжіп тұрсыңдар ма?

Балалар: иә!

Мыстан Кемпір: Маған бәрі бір! Мен Жаңа жылды сендерге болғызбаймын! Ешқандай шырша шамдарын жаққызбаймын! Себебі Аяз ата мен Ақшақарсыз ешқандай Жаңа жыл келмейді! Ха-ха-ха!

Таусоғар: Жетер енді кәрі Кемпір. Аяз ата мен Ақшақарды босатасың ба жоқ па? Кәне балалар Аяз ата мен Ақщақарды босатуын сұрайық!

Балалар: Мыстан кемпір! Аяз ата мен Ақшақарды босатыңызшы!

Мыстан кемпір: Жоқ босатамаймын! Аяз атаның сендерге дайындаған сыйлықтарыңды өзіме аламын! Менің де сыйлық алғым келеді!

Таусоғар:Мыстан кемпір саған күшімді жұмсауыма тура келеді. Қолдарын ұстап, орындыққа байлап қояды.

Мыстан кемпір: Кешіріңдер! Кешіріңдер! Маған тиспеші, мен енді ешкімді де ренжітпеймін. Аяз ата мен Ақшақарды дәл қазір босатамын! Абра-кадабра! Аяз ата мен Ақшақар тордан босатылсын! Ал енді балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақыруларына болады.

Жүргізуші: Олай болса балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Барлығы хормен: Аяз ата, Ақшақар! 3 рет

Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім. Бірақ та бір қиыншылықтарға тап болдым!

Мыстан кемпірді көріп қалып:

Аяз ата: Мынау бізді қамап қойған жалмауыз кемпір ғой! Қазір мен сені қатыртып тастаймын. Сен үшін балалардың мерексіне кешігіп келдім!

Мыстан кемпір: Кешірші мені Аяз ата енді жаман істерді жасамаймын! Жаксы кемпір боламын. Балалардан ертегі кейіпкерлерінен де бәрінен кешірімді сұрадым!

Аяз ата: Балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Балалар: Кешіреміз!

Аяз ата: Олай болса Ақшақар қызым балалармен бірге шыршаны айналып ән айтайық!

Хор:

Жүргізуші: Аяз ата, сіз шаршап қалған боларсыз! Мына орынға отырып, балалардың өнерлерін тамашалаңыздар!Аяз ата, отырып, тынығыңыз

Дайын ба бізге арнаған сыйлығыңыз

Балалар тақпақ айтып жарысады

Үлестіріп сыйлық беріп үлгеріңіз.

Аяз ата: Ап, бәрекелді, тыңдайық

Балалардың бал тіліне тоймайық.

Альбина

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында

Мадияр

Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келіп тұр.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сәлем беріп тұр.

Карима

Сақалы ақ, мұрны қызыл

Жылы екен жүзі де.

Кірпігі ақ, ерні қызыл

Мейірімді екен көзі де

Балауса:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Кәмпиттерін беріп тұр

Мәди

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер!

Ақшақар: Жарайсыңдар балалар! Менің сендерге дайындаған ойыным бар!

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!


Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Аружан:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!-деп келесі өлең жолдарын балалар шырша туралы айтып береді.

Рамазан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Гүлрайхан

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Әмір:

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Сәрсенбек Алтынбек

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Назерке

Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Жүргізуші:

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Құрметті қонақтар келесі кезекте балалар жаңа жылға арналған тілектерін жолдайды!

Адикенов Алтынбек

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

Аида

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

Сымбат

Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.

Сабина

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Манарбек

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық, бәріміз.

Күліп, ойнап,би билеп

Ән салайық бәріміз.


Елдана

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын,жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Енді менде мынадай сұрақ бар. Келе жатқан жыл қай жануардың жылы?

Балалар: Маймыл жылы

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Келер жылымыз мешін жылы. Біздің ұлдарымыз да би жағынан өте өнерлі. «Айгөлек» шағын орталығының ұлдарының орындауында «Көңілді маймылдар» биі

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



© 2010-2022