Ертеңгілік Айналайын анашым

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Айналайын анашым»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

Би: көңілді әуен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті жер бетінде

Аққудай тербетілген теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуге.

Тақпақтар:

Той пердесін ашайық ( Сабина)

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Анам менің - аялаған ақ гүлім (Мерей)

Анам менің - бақытым мен шаттығым

"Анашым" - деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің - өмірдегі тірегім (Айхан)

Анам менің - кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар, ( Арнур)

Аналардан туған кейбір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар !

Жер жүзілік мерекең ( Ислам)

Құтты болсын анашым.

Өзің бақыт -берекем

Мәпелейтін баласын.

Қыздардың әні: Нұрын төкен (Мерей,Айман,Сайда,Дамиля)

Анашым ортамызға келсең күліп (Алмазбек)

Болады Алатаудан еңсем биік

Мен сенің қарызыңды өтермін де

Әлемнің жақсылығын берсең жиып.

Күн нұрындай шуақты (Айман)

Мейірбанды нұр жүзің

Сау бол әр кез қуатты

Деп тілейді ұл қызың

Апам мені « Айым» дейді, ( Әділет)

Мен мұңайсам уайым жейді.

Апам мені « Күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Менің апам бұл апам, (Амир)

Айтқан сөзі дәл апам.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі апам.

Шашымды өріп тараған, ( Дамиля)

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Жарқын жүзді жан анам ( Х. Назерке)

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Би: Дилара

Мәпелейсің мені анам , (Сайда)

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Ана-өмірдің қуанышы, тірегі, (Бибінұр)

Бала- оның жұбанышы, жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Әже деген көп шығар, (Альмира)

Әжемдейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

«Айналайын» дегені (Әлшер)

Жанға рақат береді.

Көңіліңді табады

Әнді қалай салады.

(Камила)

Ән: « Ақ мамам» Әлшер,Назерке

Ойын: «Гүл сыйлау»

Ертекке ол сенеді- (Ерасыл)

Күнде айтып береді.

Ертек қандай көп еді

Таусылмай-ақ келеді.

Таусылмайды өлеңі (Назерке М)

Күнде айтып береді.

Барған сайын қонаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Аналарды сүйеміз (Мансур)

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Біз доспыз гүлдермен, (Әлихан)

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән «Менің әжем айдай»

Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген

Әжем менің қандай әжем менің айдай

Мектепке бірге барған

Шықсам күтіп алған.

Ана десем алғыс алам халқымнан, ( Алинур)

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

Анам менің сүйіктім (Сардар)

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасыңда (Гүлдана)

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Би: «Жігітер»

Ән: « Аяулы ана»

Аналарға силықтарын тапсырады.

Атаналарға сөз беру.

Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

Ертеңгілік Айналайын анашым

Ертеңгілік Айналайын анашым

© 2010-2022