Жабайы аңдар мен құстардың тіршілігі Қоршаған орта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ


Күні: 04.12.2015

Тақырыбы: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы т.б.) Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.

Сабаққа дайындық: Қыс мезгіліндегі жабайы аңдардың суреттері. Тәрбиеші сабақты М.Дулатовтың «Қыс» әңгімесін оқудан бастайды.

Сабақтың барысы:

Жабайы аңдардың мекені орман, тау-тас, дала екені туралы әңгімелеу. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы: Қоршаған ортаның өзгеруіне қарай кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді (қоян қыста ақ түске енеді, аю апанда ұйықтайды, тиын қысқа көп жаңғақ жинайды, ағаштың қуысында өмір сүреді т.б) Қыста қардың көп түсуіне байланысты жабайы аңдардың азық табуы қиынға соғады. Сондықтан оларға адамдар тарапынан көмек, қамқорлық қажет болады. Орманшылар қыс мезгілінде жабайы аңдарды өздерінің қамқорлығына алып жан-жақты жағдай жасайды.

Әліппе дәптермен жүмыс: Ж.Кәрбозин «Қоян», Қ.Жұмағалиев «Ақ тиін».

Тапсырма:

а) қоян қыста қандай түске енеді?

ә) тиін қысқа қандай азық жинайды?

Дидактикалық ойын: "Қай жануар қайда мекендейді?"

Болжамды нәтиже: Өлі табиғат (тау - тас, өзен - көл т.б.) туралы балалардың білімдерін жетілдіру, олардың ерекшеліктеріне түсінік беру.

Білуі керек: Жабайы аңдардың қысқы мекенін (жабайы жануарлардың қысқы тіршілігін, олардың өзгеруін т.б.)

Қалыптасқан әдет: Ойын, сергіту сәті

Істей біледі. Табиғат байлығын қорғау




© 2010-2022