Открытый урок по математике на тему: Қысқы орманға саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Қысқы орманға саяхат.

(математика сабағы)

Тақырыбы: Геометрия пішіндерін ажыратып дұрыс атау.

Мақсаты: Геометрия пішіндерін ажыратып, дұрыс атауға үйрету. Пішіндерді саусақтармен жиектеп, сезіну әдісін жаттықтыру. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекі құралдар: - геометриялық пішіндер, қар, шырша, руль, мылтық.

Сабақтың барысы


Тәрбиеші: Балалар бәріміз шенберге тұрып, қолдарыннан ұстайық жылылық сөздерді айтайықшы бір-бірімізге. «Қайырлы таң» хормен айтады. Бүгінгі сабақта біз қысқы орманға саяхат жасаймыз. Қыстың ауа - райы қандай?

Балалар: Күн суық, қар жатады, аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз.

Тәрбиеші: Орманға біз балалар машинамен барамыз, өздеріне машина жасаймыз. Қандай машиналардың маркаларын білесіндер?

Балалар: Ауди, мерс, ниссан, камаз, жигули, волга, тоета, нива т.б.

Тәрбиеші: Енді сендердің алдарында геометриялық пішін бар.Ол қандай пішін?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Қандай түсті?

Балалар: Қызыл.

Тәрбиеші: Ал осы шыршаларда машина жасаймыз. Апайға ортаға кім шығып машина жасап береді?

Әділхан: Шығағой. Дөңгелектерді қандай пішіннен жасадын?

Дөңгелектен.

Тәрбиеші: Дүрыс. Қысқы орман суық бәріміз тұрып киінеміз. Сендердің алдарына осындай роль бар. Қолымызға аламыз. Апайдың артынан орманға барамыз. Кеттік. Ал орманға келдік. Тоқтаймыз. Орманның ішінде суық, жерде не жатыр?

Балалар: Қар, шырша, жасыл.

Тәрбиеші: Қыста бізде үлкен мереке болады осы шыршаға біз ойыншық кигіземіз, аяз ата келеді. Қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Тәрбиеші: Осы жасыл шырша туралы қандай таппақ білесіндер? Кім айтып береді?

Әділхан: Біз сәбиміз, баламыз

Шыршы жырын жырлаймыз

Қол істасып барамыз

Өкпелесіп тұрамыз.

Мерей: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қарасан.

Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір дыбыс естіліді. Қарайықшы біреу келе жатыр.

Орманшы: Сәлеметсіз бе балалар. Мен осы орманның орманшысымын осы орманды қорғаймын. Ал сендер қайдан келесіз?

Балалар: Мектепалды даярлық сыныптан

Орманшы: Менің қысқы орманымда суық, мен тонып қалдым. Балалар мен сендерден көмек сұраймын, көмек тесесіндер ме? Менің үйім жоқ, маған үй жасап беріндерші.

Тәрбиеші: Кәнеки бәріміз орманшыға көмектесеміз. Үй жасайықшы? Үйді қандай геометрия пішіннен жасауға болады?

Балалар: Төртбұрыш, үшбұрыш.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Орманда тағы қандай ағаш бар?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Ал шыршамызды жасайықшы. Қандай пішіннен жасаймыз?

Балалар: Үшбұрыш.

Орманшы: Қандай жақсы үй жасап бердіңдер. Мен енді қысқы орманда тоңбаймын. Рахмет сізге. Менің орманымда көп қар бар. Осы қармен ойнайсыңдар ма? Мен сендерге бір қызық ойын көрсетемін? Дөнгелек ішіне қар лақтырамыз, балалар сау болындар!

Балалар: Сау болыңыз орманшы!

Тәрбиеші: Балалар кәнеки бәріміз рольді аламыз қайтадан топқа ораламыз. Отырамыз. Келдік шешінеміз. Балалар біз қысқы орманға барып немен ойнадық?

Балалар: Қармен.

Тәрбиеші: Ойнағанда қардың пішіні қандай болды?

Балалар: Домалақ.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қардан тағы не істеуге болады?

Балалар: Аққала.

Тәрбиеші: Ал аққаланы қалай жасаймыз?

Балалар: Қарды аламыз, домалақтаймыз. Домалақ жасаймыз.

Тәрбиеші: Аққаланы қандай геометриялық пішіндерден жасауға болады?

Балалар: Дөнгелектен.

Тәрбиеші: Дұрыс. Сендердің алдарында екі ақ дөнгелектер бар, соларды алып аққала жасаймыз. Кім ортаға шығып жасап береді?

Қорытынды: Бүгінгі сабақта біз қайда бардық кім айтады?

Балалар: Қысқы орманға.

Тәрбиеші: Ал біз немен бардық?

Балалар: Машинамен.

Тәрбиеші: Үйді кімге жасадық?

Балалар: Орманшыға.

Тәрбиеші: Қандай ағаш жасадық?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Ал аққаланы қандай пішіннен жасадық?

Балалар: Дөнгелектен, үшбұрыштан.

Тәрбиеші: Сонымен балалар қысқы орманда ұнадыма сендерге?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Ал қазір сабақ аяқталды. Бәріміз далаға шығып қардан аққала жасайықшы.


© 2010-2022