Көркем әдебиет 0 класс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: қатынас

Білім көздері: көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көкек»

Мақсаты: табиғат құндылықтары туралы білімдерін толықтыру, байланыстырып сөйлеуге төселдіру

Білімділік: көкек құсының тіршілігімен таныстыру, білімдерін кеңейту

Дамытушылық: сұрақ жауап арқылы логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту

Тәрбиелік: қоршаған ортаны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: көкек құсы, ұя

Күтілетін нәтиже: құстарды атау, қайсылары ұя салмайтынын ажырату, құстардың пайдасын білу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

-Балалар, кәне үлкен жылулық шеңберін жасап , алтын күніміз бен жер анамызға амандасайықшы. Армысың алтын күн,

Амансың ба жер ана!

-Балалар, бүгін күніміз қандай болып тұр? Қазір жылдың қай мезгілі? Кәне, мына жұмбақты кім шешер екен?

Өз атын өзі шақырады,

Сөйтіп күнді батырады

(көкек)

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көкек құсының тіршілігі жайлы айтады екенбіз

Балалар үлкен шеңбер жасап қолдарынан жібереді де күнмен жерге иіліп салем жасайды

Негізгі бөлім

Балалар, көктемде және күзде құстар не істейді?Қандай құстарды білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар, құстардың бәрі ұя сала ма?

-Неліктен көкекке ұя қажет емес?

-Балалар, мен сендерге «көкек неге ұя салмайды» деген аңыз айтып берейін. Барлық құстар жанталасып, еңбек етіп, ұя салып, жұмыртқа басып жүргенде, көкек қана жалқауланып ешнәрсе істемепті.Тек күнде «ұя керек,ұя керек» деп айта береді екен. Содан бір күні оған қарлығаш айтады: -көкек бүйтіп жүргеннен пайда жоқ, одан да еңбек ет! Сонда көкек айтады: Қойшш! Бүйтіп қиналып ұя салғанша, осылай айта берсем алыстағы ағайыным естіп, барлығы маған жабылып ұя салып береді. Айта, айта оның тамағы қарлығып, өзінің атые әрең айтатын жағдайға жетеді. Әлі күнге дейін өзінің атын атап, ұя салмайды, жұмыртқасын өзге құстардың ұясына тастап кетеді.

-Осындай көкек сынды құстардың табиғатқа тигізер пайдасы бар ма?

Қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,

Құс болып ұшайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Орнымызға қонайық

Қолдарын қанат сияқты жазады, қолдарын әрі бері сермейді, жерге отырады

Дидактикалық ойын

«Адасқан балапанар»

Мақсаты: құстарды ажырата білуге, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу

Шарты: балаларға балапандар беріледі. Олар аналарынан адасып қалған. Аналарымен жұптастырулары керек

Құстарды бір бірден тақтаға іліп, оның жанына балапандарын тауып іледі

Қорытынды

-Бүгін, балалар, қандай құс жайлы өттік?

-Көкектің бізге пайдасы бар ма екен?

Білуі тиіс: құстардың неліктен жылы жақтарға ұшатынын, құстардың жалпы табиғатқа пайдасын Көрсете біледі: құстардың қайсысы ұя салатынын, салмайтынын, жалпы түрлерін ажыратып атай алады

© 2010-2022