Разработка открытого утреника Золотая осень

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Берекелі алтын күз

Жүргізуші:

Қарсалайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзде нұр төгіп!!
Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс- береке ала келді.
Құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді «Берекелі алтын күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсы алайық.

Ерасыл:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

Томирис :

Қазан айы молшылық ,

Дәулет қорын қалаған .

Заңғар көкке қол соғып ,

Құстар ұшып барады.

Ерали:

Қыстың жақын қалғаның,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады ,

Жерге қонып үлгермей .

Жапырақтар жамырап ,

Сайға барып бекінді .

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Тахмина:

Біреу астық түсірді,

Біреу астық ұшырды.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Ән: «Күз »

Асанәлі:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді .

Кел жемісті Алтын күз ,

Кемелденсін халқымыз.

Мансур:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Айзере:

Алтын сары , қызыл ,
Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Ислам :

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан - алуан жапырақ.

Ойын «Көкеністер»

Медина:

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз - байлық береке,

Алтын күз - мереке.

Асель :

Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды .

Жапырақ түсіп гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Ескендір:

Ойнаймыз күзде біз,

Достықты білеміз .

Айырып болмасың,

Туғандай боламыз.

Айназ:

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Дастан:

Еңбек қызыл қырларда,

Бидай толды қырманда .

Алтын таулар секілді,

Сап - сары болып тұрғанда.

Камила:

Сара ала тон жамылған ,

Күз атамыз секілді .

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Асанәлі А.:

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Милана :

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Музыка.Тамшы
Жүргізуші:

Балалар бұл не? Біреу жылап тұрған сияқты.

Жүргізуші:

Өйткені күз келді ,жаңбыр жауғалы тұр.
Жүргізуші:Ал біз, көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі. Сол күз әкелген көкеністер туралы балалармен жұмбақ шешіп көрелік.

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
/Сәбіз/.

Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр .
/Қызылша/.

Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар жалпиған.
/Саңырауқұлақ/.

Саңырауқұлақ кіреді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә таңыдық.

Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарынмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін - бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә
Саңырауқұлақ:

Бірақ жаз қайта оралмайды .

Жүргізуші: Қой мұңайма, одан да балалардың мерекесін қызықта.

Жүргізуші:

Сарғайды тоғай ,

Сап - сары маңай .

Соңғы әнін айтып ,

Құс кетті қайтып .

Күн күркірейді.

Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?

Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.

Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем

Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға Ерали, Медина, Мансұр шығады.

«Жаңбыр» әнін тамашалайық.

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші: Сен кімсің? Қайдан келдің?

Бағбаншы: Мен орманшы Орманнан мен келемін. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім мен. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенімен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық .

Жүргізуші:

Қой онда текке тұрғанша , домбырда күй тыңдайық.

Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін.
Ойыннын аты «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Балалар ажырата алама екен байқайық.
Әуен: сиқырлы
Күздің дауысы. Аууу.

Бағбан: Мынау күздің дауысы ғой.

Күз кіреді

Саңырауқұлақ: біздің балалар мерекеге сені тосып отыр.
Күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз .

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам
Жүргізуші:

Қош келдің, Берекелі алтын күз ! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:

Күзде жаңбыр жауады,

Ойнатпайды біздерді.

Қолымызда қолшатыр ,

Ойнауға біз барамыз.

Күз: Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім , мен ата - аналармен ойын ойнағым келеді.

Ойын: Дәміне қарай ажырат
Күз: Рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар

Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін қош -сау болыңыздар!












© 2010-2022