Жау, жау жаңбыр! 0 класс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: шығармашылық

Білім көздері: сурет

Тақырыбы: «Жау, жау жаңбар!»

Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстары жайлы түсінік беру

Білімділік: жүйелі сөйлеуге, сөйлемді анық айтуға үйрету

Дамытушылық: ойлау қабілетін, қиялын дамыту

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: соқыр жауын, ақ жауын, нөсер жауын, өткінші жауын

Күтілетін нәтиже: жауынның түрлерін атап беру, өз бетінше жаңбырды бейнелеп шығу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар, кәне шеңбер бойымен тұрайықшы. Терезеге қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай балып тұр? Аспан ашық, жарқырап күн шығып тұр. Кәне, күн шығып тұрғанын қолмен көрсетейікші! Енді кенеттен жел тұрды. Қара бұлт келді. Ақырындап жаңбыр тама бастады

Жаңбыр жауса, тырс-тырс,

Айтады, гүл:

-Дұрыс, дұрыс!

Жаңбыр жауса, тырс-тырс,

Айтады қыр:

-Ырыс, ырыс!

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Қолдарын жоғары көтеріп күнді келтіреді. Жел тұрғанда орындарында ақырындап ырғалады. Жаңбыр тамшылаған кезде саусақтарымен жаңбырдың тырсылын келтіреді

Негізгі бөлім

-Сонымен, балалар, біз бүгін жаңбыр жайлы әңгімелесеміз.

-Жаңбыр деп нені айтамыз?

-Жаңбыр қандай болады?

-Жылдың қай мезгілінде жаңбыр көп жауады?

-Балалар, айтыңдаршы жаңбыр жаумас бұрын аспаннан қандай құбылыстарды байқаймыз?

-Жаңбырдың қандай пайдасы бар? Ыстық күні кенеттен жаңбыр жауа қалса, жердің шаңы басылып, бойымыз салқындап, бір рахаттанып қаламыз

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Сурет дәптерлеріне қылқаламмен жаңбырдың суретін салады

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Отырған орындарынан тұрады, қолдарын екі жаққа ашады, қолдарын сәл сермеп жоғары созады

Дидактикалық ойын

«Жақсы-жаман». Мақсаты: дұрыс сөйлей білуді үйрету, сөздік қорларын байыту. Шарты: ұлдар жауынның жағымды жағынайтады, ал қыздар жағымсыз жақтарын айтады. (Жағымсыз жақтары: киміңді су қылады, жерді сазға айналдырады, әуреге салады. Жағымды жақтары: жерге ылғал береді, астық мол өседі).

Қыздар мен ұлдар екіге бөлініп тұрып кезек-кезек жауап береді

Қорытынды

-Жаңбыр қай мезгілдерде көп жауады екен?

-Жаңбыр жаумаса не болады?

Сұрақтарға мұқият отырып жауап береді

Білуі тиіс:жаңбырдың қайдан пайда болатынын, оның түрлерін, оның жағымжы және жағымсыз жақтарын

Көрсете біледі: жаңбырдың тамшыларын салып бере алады, жаңбырдың қай мезгілде көп жауатынын айтып бере алады



© 2010-2022