Білім беру саласы: Таным, Тақырыбы: Суды бақылау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Бірінші кіші«Нұрсәуле»тобы

Білім беру саласы: «Таным» тәрбиеші:Кемелова.Т.Қ
Кіші сала: Экология
Тақырыбы: «Суды бақылау»
Мақсаты: Су туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Судың қандай болатыны туралы түсінік беру(таза ,кір,жылы,суық,мөлдір). Суды үнемдеуге тәрбелеу.
Сөздік жұмыс: мөлдір, тұнық

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі.

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларға жаңбырдың дыбысын естірту.

Ой балалар бұл ненің дыбысы кәне тыңдайықшы.

Тамшы қонаққа келеді.

Амандасу.Тамшы өзінің достарын іздеп жүргенін айтады. Балалардан көмек сұрайды.

Балалар жаңбырдың дыбысын қызығушылықпен тыңдады.

Балалар жаңбыр жауып тұр деп жауап береді.

Балалар қонақты қарсы алады.

Балалар конақпен амандасады.

Балалар көмектесетінін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Суретпен жұмыс.

Суретте не көріп тұрсыңдар?

Бала не істеп тұр?

-Су адамға не үшін қажет екен?



  1. Балаларға судың салқын ыстығын бақылауды ұсыну.

Балалар біз тамшының досын таптық,тамшы қуанды.


  1. Балаларға таза мен кір судың

айырмашылығын тәжірибе арқылы көрсету.

Судан қандай өзгеріс байқадық?

Енді оны іше аламызба?

Міне балалар судан тағы тамшының досын таптық,тамшы қуанып жатыр.

  1. Балаларға гупканы сығу арқылы судың тамшылатуын ұсыну.

Ой, балалар біз тамшының көп достарын таптық.

Ойын:«Күн мен жаңбыр»



Тамшы қуанып балалар сендерге рахметін айтып жатыр. Біз тамшының көп достарын тауып бердік.

Балалар суретпен жұмыс жасайды.Сұрақтарға жауап береді.

Гүлге су құямыз

Суды ішеміз,тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз,шомыламыз

Киімді жуамыз,үйді тазалаймыз.

Екі ыдысқа құйылған суға саусақтарын малып ыстық, суығын бақылады.

Балалар таза су мен кір судың айырмашылығын түсінді.Судан қандай өзгерістер байқағандарын айтады.

Балалар жоқ іше алмаймыз.

Балалар гупканы сығып, тамшылаған суды бақылады.

Шарты:балалар «күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп,алақандарын ашады, «жаңбыр жауды» дегенде отырып,еденге саусақтарын тықылдатады.

Балалар тамшыға көмектескеніне қатты қуанады

Рефлексивті-коррекциялау

Балалар судың пайдасы өте көп. Суды көп төгіп бүлдірмеуіміз керек.

Енді балалар тамшыға өлеңімізді айтып берейік



Балаларды қошеметтеу.


Терезеден сылдырлап

кап-кап-кап

Жаңбыр жауды тамшылап

Кап-кап-кап

Тамшы риза болды.

Балалар өлеңді хормен барлығы айтып өлеңді қызығушылықпен айтып берді.

Күтілетін нәтиже:
Судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін қажет екендігін ұғынады

Судың адамға пайдасының зор екендігін түсінеді

Суды үнемдеп қолданады





© 2010-2022