Ақтиін математика сандык және реттік санау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ортанғы топ: «Ақтиін» 20.01.2016ж

Білім саласы: «Таным» тәрбиеші: Турсунбекова Г.И.

Кіші сала: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Сандық және реттік санау».

Мақсаты: Балаларды сандық және реттік сандарды ажыратуға үйрету. Екі затты бір белгімен өлшеп, салыстыру іскерліктерін қалыптастыру. үлгі және айтылған сан бойынша заттарды санап алуға жаттықтыру.

Дидактикалық ойын: «Нешінші ойыншық тығылып қалды?»

Билингвальдық компонент: сандар-цифры.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

Психологиялық сәт:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Балалар, өлен жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап отырып амандасады.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Жұмбақ.

Ақылды кітапта тұрады,

Өздері көп ағайынды

Ойлауды шыңдайды.

-Балалар, біреу есікті қағады Бізге қонақ келіпті ғой, келген кім екен? Балалар қолында гүл ұстап кірген қонжық қызыға қарайды.

-Келген қонағымыз құр қол келмеген екен, бізге орындайтын қызықты тапсырмаларын ала келіпті, сол тапсырмаларды орындап қонжықтың сыйлықтарын алайық.

Қалай дайынсындар ма?

Балалар қонжықтың гүлінде тапсырмалар бар екен.

Бірінші тапсырманы орындайық.

1-тапсырмада: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. Екі тілде санау.

-Жарайсындар балалар.

Екінші тапсырманы орындайық.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Нешінші ойыншық тығылып қалды?»

Ойын шарты: үстел үстінде бір неше ойыншықтар тұрады. Бір бала шығып орнынан қай ойыншык тығылып қалғанын айтып береді.

Балалар жарайсындар!

Сергету сәт:

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік,

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

Үшінші тапсырманы орындайық.

3-тапсырма: Логикалық есептер.

-Қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін көрсету.)

-Мынау ненің суреті?

-Қолда неше саусақ бар?

-Ағашта 5 құс отыр, оның 2-үі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

-Бағдаршамда неше көз бар, оның түстері қандай?

Төртінші тапсырманы орындайық.

4-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Жоғалған сан»

Сандардың көршісін табу.

1-ден 5-ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.

Бесінші тапсырманы орындайық.

5-тапсырма: «Ғажайып төртбұрыштан» (В.Воскобович) кішкентай төртбұрышты құрап беріндер.

-Балалар, қонжық сендерге рахметін айтады.

Қонжықтың тапсырмаларын орындадық.


-Сандар.


-Қонаққа келген қонжық деп балалар жауап береді.


-Ия, дайынбыз.

-Балалар, қонжыққа қызығушылығымен қарайды.

-Балалар берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

Балалар ойынды қызыға ойнады.

Балалар ойын ойнауға дайындалады.


Тәрбиешімен бірге жаттығу жасайды.

-Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

-Екі құлақ.

-Әтештін.

-Қолда он саусақ.

-Үш құс қалды.

-Үш көзі, түстере қызыл, сары, жасыл.

-Балалар тапсырманы орындайды, жоғалған сандарды табады.


-Балалар Ғажайып төртбұрыштан кішкентай төртбұрышты құрайды.

Рефлекстік түзету

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Қонжық сендерге сыйлықтарын табыс етеді.

Балалар үнағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Сандарды ажырата біледі. 1-5ке дейін сандарды екі тілде санай алады..

Қалыптасқан түсінік: Сандарды ретімен қоюды.

Орындаушылық қабілеті: Ойынды ойнауға.

© 2010-2022