Өзін-өзі тану әлемі Мен шыншыл баламын

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні:

№5 «Айгөлек» ясли-бақша

әдіскері А.Р.Әбдірахманова



Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Тақырыбы: «Мен шыншыл баламын»

Мақсаты: білімділік: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу;

дамытушылық: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік: шыншыл, адал болуға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, мәтінмен жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, жағдаяттарды талдау, дәптермен жұмыс, жүректен - жүрекке

Ресурстар : (құралдар, мәліметтер) «Түлкі мен ешкі» ертегісі бойынша салынған суреттер, дәптері

Ясли-бақша: №5 «Айгөлек» Мерзімі: 5.02.2016ж

Тәрбиеші: А.Аманжолова Топ: Ересек «Жұлдыз» тобы Қатысқан бала саны: 20

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Жағымды күйге келу


  • Балалар, қане бәріміз мына өлең жолдарын бірге қайталайық:

Өзін-өзі тану әлемі Мен шыншыл баламын

Балалар шеңбер бойында тұрып өлең жолдарын қайталайды

Ұйымдастырушылық іздестірушілік

Әңгімелесу


Әңгімелеу




Дәйек сөз



Тыныштық сәті


Дәптермен жұмыс


Ғажайып сөздер

- «Шыншылдық» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Шыншыл бала қандай болады?

- Шыншылдық - ол адалдықты, әділдікті білдіретін адамның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Осы қасиеттер жүрегіміз арқылы беріледі. Шыншыл адманың жүрегі жылы, мейірімді болады. Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға үйренеміз.

«Түлкі мен ешкі» ертегісі (мәнерлеп оқылады)

/ Сурет бойынша мазмұндалады/

- Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? - депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп- тұнық суы бар екен, - депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

-Түлкінің әрекеті дұрыс па?

«Өтірік өрге баспайды»

- Адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қояма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды», -деп өсиет қалдырған.

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Дәптермен жұмыс орындалады.


Жағдаят талдау

Нұрсауле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.

- Нұрсауленің орнында болсаң, не істер едің?

Шыншыл бала - батыл бала

Балалар жауаптары



Ертегіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Балалар жауаптары

Дәйексөзді қайталап айтады.



Тыныштық сәтін орындайды



Балалар жауаптары

Сөздерді қайталап айтады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау

Жүректен - жүрекке

- Біз бүгінгі оқу іс-әрекетте өтірік пен шындық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды, өтірікші баланы ешкім де жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсіндік.

-«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады, өйткені ол - шындық. Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр. Қанекей, шеңбер құрып тұрып, қолдарымызды көтерейік те, бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық «Жалынын» сезінейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі - көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!




Өлең жолдарын қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жақсы қасиеттерді

Игереді: Шыншыл бала болуды

Қолданады: Ғажайып сөздерді



© 2010-2022