Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл - күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт - дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік - эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл - күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар сол халықтың жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтыңұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып - білу талпынысына нышаныретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік - экономикалық айнасы екенін білеміз.

М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, «Ойын» көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады.Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай - қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет - ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері - баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала,

Кеудеде ақыл ойлайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. «Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды ау!» деген пікір айтқан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын - дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор. Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда,ойын нақтылық пен дерексіздік,индукция мен дидукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Балаларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді болады. Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді.

Халық ойынының келелі бір мақсаты - баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойынында қаздар тек кемпірдің: «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек.Ойын ықыластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі-бәрі үшін» және «бәрі - бірі үшін» - қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап етеді. Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет.

Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланады. Балалардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді.

Мұның өзі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Демек,сабақта ойындарды тиімді қолдана отырып, балалардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кажет.Себебі ойындар кезінде балалар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы оларды өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.





С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті











Баяндама

Тақырыбы: Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.

Тексерген:Жұмабек Т.С.

Орындаған:Байдуашева Г.Б.











Ақтөбе 2016ж.



© 2010-2022