Урок по конструированию Снег и снеговик

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық қартасы

Ортаңғы топқа арналған

Тәрбиеші: Исалина А.С.

Білімдік салалар: Таным

Тараулар: Құрастыру

Тақырыбы: «Қар мен аққала»

Мақсаты: Қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету,

Білімділігі: қоршаған ортамен таныстыру, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету

Дамытушылығы: құрастыру сабаққа деген ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.

Көрнекіліктер: ақ қағаздар, желім, қылқалам, үлгі суреттер.

Қызметтің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мақсатты-

түрткі

болғыш

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын балаларға сыйлайық.

(алақандарын үрлейді).

Балалар қимылмен жасайды.

Іздестіру- ұйымдастыру

Балалар, қазір қандай мезгіл?

Қыста не жауады?

Қардан не жасауға болады?

Үлгі бойынша талдау жасап, қар кесектері мен аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіру.

Балаларға қала көрінісі бар суретті тарату.

- Қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз; -Аққаланы жасау үшін ақ қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші одан кіші бөліктерге бөліп аламыз,

-Оларды рет ретімен алып алақан арасына салып умаждаймыз;

-Дайын болған бөліктерді (үш бөліккі) қала көрінісінің төменгі жақ бөлігіне орналастырып желімдейміз;

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бойымызды жазайық.

Дем алып алған соң, жұмысымызды жалғастырамыз.

-Бас киімдерін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін қарындашпен немесе фломастермен толықтырып әшекейлейміз;

-Ұсақ қиындылардан ұсак қар кесектерін жасап, оны да қар жауып тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады.

Балалардың өздігінен жұмыс жасауларына бағыт беру.

Қыс мезгілі.

Қар жауады. Аққала жасауға болады.

Балалар мұқият тыңдайды.




Қимылмен жасайды.


Балалар қар кесектерінен аққаланың дене бөліктерін қағазды умаждау тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп, белгілі бір мазмұн беруге талаптанады.

Рефлексті-

дәлелдеу

Қар кесегінің және аққаланың қағаздан қалай жасалғанына және оны балалардың қалай орналастырғанына қарап қорытындылау, сабаққа жақсы қатысқандарды мадақтау.

Жасаған аққалаларын бір-біріне көрсетіп, еңбектерін өздері бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққала жасауды;

Қандай түсініктерді игерді: аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орнал астыруды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуді.



© 2010-2022