Туған қалам – әсем қалам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Туған қалам - әсем қалам


Білімділігі: Туған өлкеге, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорларын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, Павлодар облысының картасы, макеттер, «Туған өлкем-мақтанышым» менің атты көрмесі, Баянауыл, Жасыбай атты фотосуреттер газеті, Қазақстан Республикасының рәміздері, муз. әуен «Ата толғауы», газеттер, журналдар, доп.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (балалар музыка әуенімен залға кіреді де шеңберге тұрады).

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

- Балалар, әр адамның Отаны бар.

- Сендер үшін Отан деген не, қалай ойлайсыңдар?

Дидактикалық ойын «Тез ойлан, жылдам айт» (доппен).

Дұрыс, балалар. Ендеше туған жер туралы біздің балалар не айтады екен, соларды тыңдап көрейік: тақпақтар.

2. Балалар Қазақстан картасының тұсына дөңгелене келіп отырады. Міне, қараңдаршы, қандай кең байтақ жеріміз бар. Бүгін біз сендермен туған өлкемізге саяхат жасаймыз.

- Біздің қаламыз қалай аталады?

Павлодар.

- Картадан тауып, көрсетіңдер.

- Қандай өзеннің жағасында біздің қаламыз орналасқан? Ертіс

Қаламыздың тарихы мен бүгінгі өмірі бар. Бүгін біз сендермен баспаханада жұмыс істейміз.

- Баспахана деген не? (балалардың жауаптары)

Дұрыс балалар.

Баспаханада тілшілер жұмыс істейді. Біздің балалардың ішінен де тілшілер табылды. Менің тапсырмам бойынша кішкентай тілшілер өздерінің туған өлкелерімен тереңірек танысып, шағын мақалалар жазып келіпті. Маргарита Литвин - болашақ журналист. Қаламыздың тарихына тоқталсын.

1-бала:

Неткен сұлу, неткен көркем!

Туған өлкем.

- Қаламыздың әсемділігі туралы

2-бала:

Алтын дәнді даласы бар,

Мәшһүр Жүсіп мешіті бар.

- Біздің қаламыздың көшелері де көркем. Қандай көшелер бар екен?

Ғалымдар мен ақындардың, батырлар мен даналардың аттары берілген көшелер көп.

- Біздің балабақшамыз қандай көшеде орналасқан?

Ендеше, Естай туралы 3 тілшіміз мақала дайындапты.

3-бала:

Қаныш туған, Сәкен туған,

Ардақта досым қазақтың жерін.

Ойын (Белбеу тастау)

4-бала:

Кенге толы қойнауы бар,

Баян, Жасыбай көлдері бар.

Арай тілшіміз сөйлейді (кітаптар мен портреттерді көрсетіп тұрады).

Баянауыл мен Жасыбайдың құпиясын тереңірек зерттеп келген.

Нарғыз тілшіміз сөйлейді (кітаптарды көрсетіп тұрады).

Павлодар өңірі Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыруда.

Эльвира мақала дайындап келіпті (суреттерді көрсете отыра сөйлейді).

Біздің қаламыз ірі өнеркәсіп орталығы.

- Қандай зауыттар бар?

Осы зауыттар туралы Бектас тілшіміз шағын мақала жазып келіпті.

3. Енді балалар осы мақалаларды газетке басып шығарайық, суреттерді жапсырып, фотогазетін жасайық. Балалар 2 үстелге орналасады. Ватман қағазға мақалалар мен фотосуреттерді жапсырады).

Тамаша, бәрекелді.

«Туған өлке» атты газет, «Баянауыл», «Жасыбай» атты фотосурет газетін шығардық.

4. Бекіту: Отан туралы, туған жер туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?

Балалар айтады.

5. Қорытынды:

Балалар, бүгін сабақта не істедік?

Бәрі: Туған жердің ұлымыз біз,

Туған жердің гүліміз біз!


© 2010-2022