Төрт түлік -халық байлығы! Дошкольное образование

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№2 Қашар орта мектебі» КММ


Тақырыбы:


Төрт түлік-халық байлығы!


Ашық сабақ


Тәрбиеші : М.М.Муратова



2014-2015 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Төрт түлік-халық байлығы!»

Мақсаты: Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен,малдың қадір-қасиетімен таныстыру.Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Тәсілдер кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Мотивациялық - қозғаушы қызмет

: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді,шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.)

Сәлем - сөз анасы демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

Шаттық шеңбері:

Балалар күн шуағы арқылы бір-біріне жылы тілек,лебіздерін білдіреді.

- Балалар далада ауа-райы қандай?
-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктемде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

-Балалар біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

-Біздің Елбасшы атамыз кім?

-Біз Қазақстан Республикасының қай облысында тұрамыз?

Біз Қостанай облысының қай қалашығында тұрамыз?

Жарайсыңдар,балалар! Қане,өз орындарымызға жайғасып отырайық.

Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!

Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар күн шуағы арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдереді.

Күн жылы.

Көктем мезгілі.

Құстар ұшып келеді,күн жылынады.

Балалар мереке атауларын атайды.

Біз Қазақстанда жасаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қостанай облысында тұрамыз.

Қашарда тұрамыз.

Балалар өз орындарына отырады.

Ұйымдастыру-ізденушілік

-Балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдерме?

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (Қозы)

2.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (Түйе)

-Балалар жұмбақ не туралы?

-Сендер қандай жануарларды білесіңдер?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

-Жабайы жануарларға не жатады?

-Үй жануарлары немен қоректенеді?

-Олардың бізге берер пайдасы?

Балалар үй жануарларына түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі жатады.

Біз бұл жануарларды төрт түлік жануарлар деп атаймыз.

Қазір жылдың көктем мезгілі, малдардың төлдейтін уақыты.

Балалардың назарын суретке аудару.

-Балалар суретте не көріп тұрмыз?

Бүгін біз сендермен осы төрт түлік жануарлармен таныс боламыз.

Тәрбиеші тақтадан жеке-жеке үй жануарларын көрсетіп,түсінік беріп өтеді.

-Балалар түйе,ешкі,сиыр,қой,жылқының бізге берер пайдасы қандай?

-Біз олардан не аламыз?

Балалар біз осы жануарлардың төліменде таныс болайық.

Тәрбиеші балаларға төлдерді сурет арқылы таныстырады.

-Балалар сендер білесіңдерме,бұл жануарлар қалай дыбыстайды?

-Сиыр мөңірейді;

-Жылқы кісінеді;

-Түйе боздайды;

-Қой,ешкі маңырайды;

-Үй жануарлары осылай дыбыстайды,ал біз оларды қалай шақырамыз?

-Сиыр аухау,аухау

-Түйе көс,көс

-Қой пұшайт,пұшайт

-Жылқы қырау,қырау

-Ешкі шөре,шөре

Д.ойын «Төлдерді дұрыс орналастыр!»

Балалардан неліктен олай орналастырғанын сұрау.

Сергіту сәті:

Д.ойын «Сиқырлы сандықша»

Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы сандықшадағы тапсырмаларды орындайды.

Балалардың назарын ұлттық ойындарға асықпен ляңгі ойынына аударады.

-Балалар қалай ойласыңдар,осы жануарларды геометриялық пішіндер арқылы жасауға болама?

Ендеше гемотриялық пішіндер арқылы құлыншақпен ботақанды құрастырайық.

Балалар ,жарайсыңдар,өте дұрыс жасадыңдар!

Ия жақсы көреміз.

Балалар жұмбақты шешеді.

Үй жануарлары туралы.

Балалар жануарлар атауын атайды.

Жануарлар немен қоректенетінін атайды.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар суретке қарайды.

Олар бізге сүт,ет беріп,терісімен жүнінен киім тоқиды.

Балалар суретке назарын аударады.

Балалар өз еріктерімен дыбысын салады.


Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар сызық арқылы төрт түліктің төлдерін

дұрыс орналастырады.

Балалар іс-қимылмен сергіту сәтін орындайды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы сандықшаны ашады.

Балалар ойланып жауап береді.

Балалар қызығушылықпен құрастырады.

Рефлексивті-түзету

Балалар бүгін біз сендермен қандай жануарлармен таныстық?

Төрт түлікке қандай үй жануарлары жатады?

Қане балалар төлдерін атайықшы?

Үй жануарларының бізге берер пайдасы қандай?

Балалар ешкі,сиыр сүт беретінін білеміз.Ал сүттен айран,құрт жасайды.

Қане балалар,мына айран,құрттан ауыз тиіңдер.

Балаларға айранмен құрт ұсыну.

Балаларды жақсы қатысқандары үшін марапаттап,сабақты қорытындылау.

Үй жануарларымен таныстық.

Жануарлар атауын атайды.

Төрт түлік беретін пайдасы туралы атау.


Балалар қуанып,айран, құрт жейді.

Балалар марапатқа ие болады.

Болжамды нәтиже:

Қабылдайды : жыл мезгілдерінің ерекшелігін

Түсінеді : үй жануарларының түрімен,олардың басқа жануарлардар ерекшелігін түсіну.

Қолданады : күнделікті өмірде ұлттық ойындарды ойнау.







© 2010-2022