Ашық сабақ Дымканың ойыншығын әшекейлеу сурет салу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дымканың ойыншығын әшекейлеу 11.10.2011ж

Сурет салу

Ашық сабақ

ересек тобы

Дюсупова

Калима Калымкановна

Сабақтың мақсаты: Сурет салу дағдыларын қалыптастыру және іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу. Салынған суретті дымканың қолтаңбасымен әшекейлеу, оған әр-түрлі элементтерімен пайдалану: нүкте, дөңгелектер, әр-түрлі формалармен, иректер, жолақтар түзу салынған; түсті сезіну қабілетін, әр-түрлі түстерді айырып және негізгілерін атай білу қабілетін дамыту. Эстетикалық қабылдауын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бояулар, гуашь,томпон, сереңке, дымканың ойыншықтары.

Басқа тәрбие жұмыстарына сабақтастық: дымканың ойыншықтарын, суреттерін қарап оның қолтаңбасымен таныстыру.

Сабақтың барысы: Балалармен әңгіме түрінде басталады. Бұрынғы заманда дымканың ойыншықтарын Дымково деген ауылда шығарған. Оны сазбалшықты қазып алып, аяғымен басып, қолымен илеп шығаратын.

Ал қазіргі ойыншықтарды фабрикада жасайды. Фабрика Киров қаласында орналасқан. Халықтың шеңберлері заводта осы ойыншықтарды шығарды, түрлі-түсті бояумен әшекейлейді.

Мінеки осындай ойыншықтарды шығарады. Қараңдаршы дымканың ойыншықтарын /ешкі, ат, күркетауық, бикеш.../

- Мына ешкіде қандай элементтер бар?

Балалар: жолақ, дөңгелек.

- Ал мына әтеште қандай элементтер бар?

Балалар: дөңгелек, шеңбер, нүкте.

- Балалар, сендер тағы қандай дымканың қолтаңасын білесіңдер?

Балалар: түзу жолақтар, иректер, сопақша.

- Дұрыс айтасыңдар.

-Қандай түспен пайдаланады суретші.

- Балалар: көк, қызыл, сары, жасыл.

- Балалар, бояумен қалай пайдалану керек.

- Балалар: бояуды көп алуға болмайды аздап алуға керек.

- Бояу кепкен кезде, келесі бояумен пайдалануға болады.

-Балалар, бізге қонаққа құлыншақ шауып келді.

-Кім тақпақ біледі?

«Құлыншағым» деген тақпақ айтылады.

Құлыншақты бақылайды. Түрін, түсін, қандай қолтанбасын қолданады.

Ол әдемі болу үшін, оны әшекейлеу керек.

Балалар, сендер суретші боласыңдар.

Тәрбиеші балаларға қалай салуға үлгі көрсетеді. Балалар алдарындағы құралдармен жұмыс жасауға кіріседі. Сурет салып болған балалардың жұмыстарын жинап, көрмеге қою (балаларға өз жұмыстарын бағалату)

Сабақты қорыту:

Сендер бүгін қандай дымканың қолтаңбасымен пайдаландыңдар.

Негізгі түстері қандай?

Балаларды мадақтау.





© 2010-2022