Открытый урок на тему:. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҚКК «Ямышев сәбилер бақшасы»















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Үй жануарлары»



















Тәрбиеші: Рымгожина А.С.





2015 жыл

Келісемін: ___________ Бекітемін:____________

Расоль С. Абдуллина Р. К.

« » __________2015 ж « »___________2015 ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: үй жануарлары тулалы білімдерін кеңейту, халық ауыз әдебиеті арқылы тілдерін дамыту, үй жануарларына деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылық-оятушылық.

Шаттық шеңбері: Білер қазақ баласы: сәлем-сөздің анасы.

Сәлеметсіз бе, апай!

Сәлеметсіз бе ,ағай!

Амансызба, ата!

Есеңсіз бе, әже!

Ұл, қыз сәлем береміз,

Өнегелі өреңбіз.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

-Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар үй жануарларын атайды..

Үй жануарлары немен көректенеді?

-Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

Құлыншағым , құндызым,

Құлдырайды шабады,

Жылтылдайды жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

-Биенің сүтінен не жасайды?

Балалар суреттен не көріп отырсындар?

Үй жануарларынының төлдерің білесіңдер ме ?

Д/ойын: «Төлін тап»

Мақсаты:төлдердің суретін түліктердің қасына жапсыру және атау, дауысын айту.

Балалар осы төлдерді қөру үшін қыстауға ата мен әжеміздің үіне барғыларын келе ме?

Ендеше ән айтып барайық, жол қысқарсын.

Қошақаным қайда екен әні орындалады.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағын ,

ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын бұзау оған ереді.

Алға созып мойынын,

ойнақтайды ботақан.

Көкке қарай мойынын

шүйереді бұзауқан.

Балалар қыстауға жетіп қалған сияқпыз. Төлдердің дыбысы естіледі.

Ата мен әже амандасып балаларды қарсы алады.

Ата: балаларым, өздерің көріп отұрғандай мен үй жануарларымен айналысамын. Қазақ дәстүрінде мал төрт түлікке бөлінеді.Жылқы , сиыр, түйе, қой мен ешкі. Сол төрт түлікті әр түрлі бағамын, күтемін, әр қайсысы шақырғанды біледі.

Д/ойын : «Төлдерді қалай шақырады?»

Мақсаты: төлдерді дауыстап шақыру, атау.

Қойды қалай шақырамыз?

Қойды былай шақырамыз: пүшайт-пүшайт.

Құлыншақты қалай шақырамыз?

Құлыншақты қырау-қырау деп шақырамыз...

Халқымыз ертеден айытқан: «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір».

Сендер қандай мақал мәтел білесіңдер?

1.Сиырдың сүті тілінде

2.Түйе -түлік -төресі

3.Жылқы- түлік патшасы

4.Малды бақсан , сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

5.Қойы бардың тоны бар

6.Жаман теке сүзіскек,

жаман бала ұрысқақ

7.Нар жолында жүк қалмас

Мен сендерге жұмбақ жапсырғым келіп тұр:

Кішкенен ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Қой

Маң-маң басқан . Шұдаларын шаң басқан.

Түйе

Бастарына атрибуттар киіп сахналайды.

Аружан: Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, құлыншақ .

Ойыншықтар тындайды,

Айытқаныңнан шықпайды.

Дильнура:

Менің ерке лағым,

Өзім баққан шұнағым.

Жайқалған жасыл бау-баққа,

Күнде әкеліп тұрамын.

Бау бақшада адассаң,

Тауып аламын, лағым.

Елназар:

Қой: Еті тәтті ,сүті бал,

Қой, ешкі ең құнды мал.

Дидар:

Ерке қанат тұлпар мен,

Қай түлік келер маған тең?!

Сүтім-қымыз, етім-ем,

Білесің бе оны сен?

Вераника:

Мінезім жайлы сиырмын.

Байлығымын бір үйдің,

Етім тәтті, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал.

Ақмаржан:

Ең зор түлік -түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін,

Пайдалансан сүтім -шұбат,

Дертке дауа, бойға қуат.

Ата, балалар сізге «Төлдер айтысын» сахналап бермекші.

Ата: Төлдерім сендер босқа дауласпандар, әр қайсыңнын өз орындарын бар, адам үшін бәрің де керексіңдер.

Балар біздің топқа кететін уақыт келді.

Реффлекстік түзету.

Қыстау ұнады ма? Қандай үй жануарларын көрдіңдер?

Оларға қамқор боламыз ба? Балаларды мадақтау.



© 2010-2022