Ұзын құлақ сұр қоян

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Білім көзі: Ұзын құлақ сұр қоян

Мақсаты :шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету :

Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіркерлердің бейнесін,мінез -құлқын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу;

Қол мен саусақты жаттықтыруға ойындар мен ойыншықтарды пайдалануға іскерліктерін қалыптастыру

Сөздік жұмысы : сыбдырды, ойлы -қырлы ,ытқып -ытқып

Шаттық шеңбері :

Үлкенгеде сіз,

Кішіге де сіз,

Баршанызға құрметпен

Бас иеміз біз.

Сұрақ -жауап

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Жылдың қанша мезгілі бар?

Қандай орман жануарлары білесіңдер?

Жұмбақ

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Ғажайып сәт

Топқа коян кіреді .

Қоян: Балалар сәлеметсіңдер ме?Мені танисыңдар ма ? Мен сендерге қонаққа келдім сыйлық алып келдім өнерлеріңді көрсетсеңдер берем

Тәрбиеші : Дұрыс айтасыңдар бұл қоян.

Қоян қайда өмір сүреді ?Қоян нені жақсы көріп жейді?Қоянның түсі қандай?

Қоян түсі жаз мезгілінде сұр ,қыста ақ болды.Жауларынан қорғану үшін ол түсін ауыстырып тұрады екен.

Қане, балалар қоянға өнерімізді көрсетейік . Қоян туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші

Адина :

Қайшы құлақ қоянмын

Ақшыл түске боялдым

Сытыр еткен бұтақтан

Елең етіп ояндым.

Жарайсың Адина .

Тәрбиеші : Енді сендер шаршаған шығарсыңдар ,денемізді сергітіп алайық

Сергіту сәті :

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы -қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Тәрбиеші : Енді сендер шаршаған шығарсыңдар ,денемізді сергітіп алайық

Енді қоянға біздің биімізді көрсетейік

«Қояндар» биі

Қоян: Жарайсыңдар балалар ! Сендер өнерлі де , тапқыр екенсіңдер.Менің сендерге арналған сыйлығым бар

-Балалар бүгін біз кіммен таныстық?

Қоян сендерге ұнады ма ?

Апайлармен қоштасайық

© 2010-2022