Документ Баланың ақыл-ой қабілеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахмедиева Акмарал

«Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті

87027812749



Баланың ақыл-ой қабілеті

Жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру дене, еңбек, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, баланың ақыл-ойын дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Бүлдіршіндер мектепке дейінгі кезеңде үйде және балабақшада тәрбиеленуі арқылы күн сайын жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасып, дүние танымы қалыптаса, ойлау қабілеті дами бастайды.

Айталық ,баланың ақыл ойының дамуы алғашында топта қарым -қатынаста ,түрлі ойын үстінде,кйіннен оқу,еңбек,өнімді жұмыс (суретсалу,құрастыру ,жапсыру)сияқты қол еңбеггі арқылы жүзеге асады.

Бақшада тәрбиелнушілерге берілетін тәрбие түрінің қыры көп . Соның бірі -заттың түр -түсін айыра білуге үйрету. Оны сенсорлық тәрби деп атайды .

Мұндағы негізгі мақсат - баланың айналадағы ортаны танып , түйсік сезімін дамыту . Балалар сөзді естиді,затты көреді, айналадағы өзгерістерді сезіп қана қоймай

,заттармен тікелей әрекет жасау арқылы олардың сенсорлық қабілеттерді сезіну,қабылдау ,елестету ,арқылы олардың қасиеті жайлы ұғымын жетілдіре отырып,

қызыл,сары жасыл,көк түстерді ажыраты білуге осы түстермен боялған ойыншық заттармен таныстырып , баланың сезімін байытуға тырысамыз .

Дидактикалық материалдық қимыл-әрекет жасай отырып ,балалардың ақыл-ойын дамытуға көңіл бөлеміз .серуенде ,ойынкезінде тағы басқа уақыттарды ойната жүріп ,есте сақтай білулеріне көңіл бөліп отырмыз.

«Шыршаны безендіреміз», «Түсіне қарай тап», « Үлкен,Кіші,кішірек»т.б деген дитактикалық ойындарды балалар қызыға ойнайды .

Балабақшада бала қоршаған заттардың ерекшеліктерімен танысып ,шама-көлем,түр-түс,форма, мөлшер жөнінде алғашқы түсінік алады .Бала жыл соңында 7 түсті ажырата білетін болады.

Баланың ойлауы,сөйлеуі ,еске сақтауы,сезінуі өз құрбы қатарларымен қарым -қатынас арқылы және ересектердің игі ықпалдарымен жетіледі.Баланың психикалық дамуында тәрдие шешуші роль атқарды . Сондықтан баланың жасына дұрыстар тәрбиелемесе ,есейіп кеткесін қайта тәрбиелеу қиынға соғады .

Ұлы педагог А.С Макренко баланың өскенде қандай адам болатынын оны 5жасына дейінгі қалай тәрбиелегендігіне байланысталығын атап көрсеткен .

Бала 3 жасқа аяқ басқанда ересектердің сөзін толық түсініп ,оған жауап қайтара алады .Сөз байлығы молайып, тіл байлығы анықтала бастайды. Бала айналаның сан алуа құбылыстарын ойлап , бағдарлай білі тиіс.

Түрлі тақырыпты қысқы әңгімелер айтып,кітапшалар оқып беріп,өлең, тақпақтар,жаңылтпаштар жаттатып , мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіріп отырса ,баланың ой-өрісі кеңейіп , тіл байлығы артады .

Бала ертегіні жақсы көреді.Ертегі айтып берсең,бар ынтасымен тыңдайды .Ертегі баланың ой қиялындамытумен қатар сөздік қорын кеңейтеді . 3-4 жастағы балалардың сөздік қоры 1000 -1200 ,5-6 жастағы балалардікі 3000-4000-нан асады .

Баланың істеймін деген әрекетіне жасына қарай дамытып , білмекке құштарлығын арттыру үшін көбіне оларды жаңа ойыншықтармен ,суреттермен таныстырып ,қітапшалар оқып беріп ,қызықтырған жөн . баланы қуыршақ театыры өте қызықтырады .

Қуыршақ театрындағы ойнайтын кейіпкерлердің суретін қағаздан қиып,ойнатуға болады.Кейбір сюжетті ойындар баланың ақыл-ойын дамытумен қатар дене күшін нығайтады. Ойын мен еңбектін жақсы ұштастырылып отыруы ,баланың еңбекке деген ықыласын қалыптастырады.

Жас бала ойнағанды ұнатады.Ойын кезінде балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып,оны танып біледі.Сонымен бірге қандай ойын ойнасада ойлаған ойын , іс-әрекетін іске асырады . 3-4-ке толғаннан кейін бала әр-нәрсеге әуестеніп ,ересектердің жұмысына көмек көрсеткісі келген талабын қайтармай , орындауына көмектескен жөн.Баланың жақсы ісін мадақтап,теріс ісін жай ғана ендігі жолы жағсы орындайсын деген ілтипатпен санасына жеткізіп түсіндірген жөн . Балаға берген тапсырманың орындалуына төзімділікпен күту керек . Кейбір ата аналар баласының жұмысына немқұрай қарап ,оны үй тіршілігіне қатыста жаруға араластырмай «бұзасың» , «бүлдіресің» деп жолатпайды.Сөйтіп,баласының еңбекке деген ынтасын тежеп тастайды.

Осыдан өсе келе бала жалқау ,тілазар болып шығады . Балаға семьяда үнемі өнегелі ,ұлағатты сөздер айтып ,өзін әдепті ұстап ,ізетіллік жасауды түсіндіріп отырған жөн.

Сәлемдесу,қоштасу ,,үлкенді «сіз» деп сөйлеу,қателік жасаса кешірім сұрау, ұрықсатсыз біреудің затын алмау ,көпшілік арсында айқай шу көтермеу т.б.мәселелерді баланың есіне түсіріп ,мағыналы тіл тауып санасына жеткізіп отырса, ол баланың ақыл ойының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Баланың сұрағына ерінбей жауап беріп ,баланы қызықтыратын ,еліктіретін әрекеттер жасаса,бала тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді.

Білуге құштарлық-бала табиғатына тән қасиет. Баланың мұндай құштарлығы өзін қоршаған дүниені көруге , білуге,ұстауға ,қозғауға деген қызығушылығынан байқалады.

Тәрбие мен ата-аналар жұртшылығының үлгі өнегесі -балаға айна тәріздес.Сондықтан да тәрбиенің жауапкершілік жүгі ауыр.

Адамгершілік ,кішіпейілділік ,қарапайымдылық,достық,жолдастық әділдік,шыншылдық

сияқты асыл қасиеттерді балаға сәби күнінен үйрету ата-ананың негізгі міндеті.

Жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктің мәуелі бәйтерекке айналуы тәрбиеші мен ата -ананың бірліктегі өнегелі еңбегінің жемісі болмақ.



© 2010-2022