Планирование урока в 1 младшей группе детского сада на тему Үй жануарлары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты:Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үй жануарларының төлдерімен салынған суреті,сиыр мен бұзаудың суреті.

Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, қайталату, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағым ды

Жағым сыз

Ұйымдастырушылық-ізденушілік 1.Мотивация

Шаттық шеңберінде төмендегі өлеңді айтқызу.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

-Төрт түлік дегеніміз - түйе, жылқы,сиыр, қой,ешкі. Үйде бағылып, еті сүті, жүні терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды тқрт түлік мал деп атаймыз.Енді, балалар, үй жануарларының ішінде сиырға тоқталамыз.Біздің күнделікті ішетін сүтіміз, қаймағымыз, құрт-ірімшік айрандарымыз, жейтін етімізді,яғни осынын бәрін сиырдан аламыз. Сиыр, түйе, жылқы, ешкі жануарларының төлдері болады.

-Сиырдың төлін не деп атаймыз?

-Бұзау қалай дыбыстайды?

-Оларды қалай шақырамыз?

-Сиыр немен қоректенеді?

-Не ішеді?

-Жануарлардың өзіне тән дыбыстары болады.Енесі өріске кеткенде төлдері қарны ашқанда өздеріне тән дыбысты білдіреді.

Сергіту сәті.

Айналайын торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр ауылда,

Тысқа түстә заула.

Үйлестірмелі материалмен жұмыс.Шарты: үй жануарларының төлдерін тауып, оларды енелерінің жанына орналыстыру.

Тыйым сөздері қайталату:Малды теппе, ақты төкпе.

Сұрақ-жауап арқылы үйренгендерін пысықтау.

Шеңбер бойында қол ұстасып тұрып, өлеңді айтады.









Бұзау.

-Мө-мө-мө...

-Ауқау-ауқау-...





Торпақтың қимылын салады.

Төлдердің суреттерін жапсырады.

Балалар бірге қайталап айтады.

Күтілетін нәтиже: Үй жануарлары деп аталуын, сиыр малының қандай пайдасының бар екендігін және оларды адамдар алай күтіп баптайтынын біледі.Тыйым сөздерінің мағынасын түсініп, төрт түлік малды қадірлеу керектігін меңгереді.



© 2010-2022