Шағын орталық Жемістер Жапыстыру сабағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жемістер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру; домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену; бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

ұстаз үшін: жемістердің нақ пішіндері (муляждары) немесе суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, қайшы, түрлі түсті қағаздар, қатырма қағаз, желім, қол орамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қол орамал, қатырма қағаз.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Ұстаз жұмыс орнын қалай дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді. Балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектеседі.

Ұстаз үстелінің үстінде ыдысқа салынған жемістер (нақ пішіндер) тұрады. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап, олардың түстерін, геометриялық пішіндерін анықтауға тапсырма береді. Мысалы, алма домалақ, қызыл, сары, жасыл; алмұрт сопақ, жасыл, т.б. Педагогтың сұрақтарының көмегімен балалар жемістердің дөңгелек немесе сопақ пішінді болатындығы туралы қорытынды жасайды. Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екендігін көрсетеді. Содан соң балаларды аппликацияны орындаудың барлық кезеңімен жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіреді.

Түрлі түсті қағаздан тік төртбұрыштар қиып аламыз.

Тік төртбұрышты екіге бүктейміз.

Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз.Белгіленген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз.

Қиып алынған жемістерді жазып, негізгі бетке жапсырамыз.

Оқу іс-әрекетін қорыту.Ұстаз аяқталған жұмыстардың орындалу барысын тексеріп, артқышылықтары мен кемшіліктерін балалармен біріге отырып талқылайды. Педагог балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырады.





© 2010-2022