Шағын орталық тобына арналған ашық сабақтар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 3 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

С.Маршактың «Доп» өлеңі

Мақсаты

  • Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға;өлеңді есте сақтап,мәнерлеп айтуға үйрету;

  • өз туған жерін,қоршаған ортасын сыйлауға тәрбиелеу;

  • дауыс күшін,есте сақтау,тыныс алу,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

доптар,тірек сызба

Сөздік жұмысы

іні,қарындас.

Билингвалды компонент

доп-мяч,ойыншық-игрушки,үлкен-большой,кішкентай-маленький

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Шеңберге тұрғызып,бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.

Ойыншықтарды көрсете отырып,түсінік беру.

-Доп-ойыншық.Ойыншықтарды көп адамдар еңбектеніп жасайды.Ойыншықтарды үнемі күтіп,ұқыпты ұстау керек.Кейін өскен кезде ол ойыншықтарыңды іні,қарындастарыңа сыйлайсыңдар.

Шеңберде тұрып,қатар тұрған балаға жақсы тілек айтады.


Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Жаңа тақырып

Өлең жолдарындағы қимылды доппен келтіріп,түрлі түсті допты көрсете отырып,өлеңді оқып беру.

Тірек сызбамен жұмыс

Үлкен қағазға сызылған тірек сызба бойынша өлеңді қайталап оқу.Балаларға қайталап айтқызып,жаттату.

Сөздік жұмысы: «іні,қарындас» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Доп» сергіту жаттығуы

-Қане,барлығымыз доп сияқты секірейік.

«Жалғастыр» дидактикалық ойыны

Тірек сызба арқылы өлеңді бастап,балаларға жалғастыруды ұсыну.

Доп пен тәрбиешінің қимылына қарап отырып.өлеңді тыңдайды.

Өлеңді тірек сызба бойынша қайталап тыңдайды,жаттайды.

жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Музыка әуенімен доп сияқты секіріп ойнайды.

Өлең жолдарын жалғастырады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Кім шапшаң?» дидактикалық ойыны

Қиылған қағаздардан түрлі түсті доптарды құрастыруды ұсыну.

Доппен ойнауға шақыру.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Доп құрастырудан жарысады.


Доппен ойындар ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

ойыншық атауларын,ойыншықтарды күтуді.

Нені игереді

«Доп» өлеңін жатқа айтуды.

Нені біледі

ойыншықтарды сындырмай ойнауды.









Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 5 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Ө.Күмісбаевтың «Қияр мен қырыққабат» ертегісі

Мақсаты

  • кейіпкердің іс-әрекетін бақылауға және талқылап,салыстыруға үйрету;қияр мен қырыққабат жайында білімдерін кеңейту;

  • еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

  • танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

ертегі желісі бойынша салынған және қияр мен қырыққабаттың суреті

Сөздік жұмысы

көкөніс,қияр,қырыққабат

Билингвалды компонент

қияр-огурец,қырыққабат-капуста,ертегі-сказка,доп-мяч

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

«Көңіл күйіміз қандай?» ойыны

Бір-біріне допты беру арқылы көңіл-күйлері жайлы айтып беруді ұсыну.

Допты бір-біріне беру арқылы көңіл-күйлері жайлы айтып береді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Жұмбақ шешеміз

Қабат-қабат тоны бар,

Аласа ғана бойы бар

(қырыққабат)

«Сиқырлы қорап» дидактикалық ойыны

Қораптағы көкөністерді ұстап,сипап,не екенін табу керектігін түсіндіру.

«Қияр мен қырыққабат» ертегісін оқып беру.

Ертегіні талдап,сұрақтар қою:

-Ертегі не туралы?

-Қияр не істеді?

Қиярдың іс-әрекеті дұрыс па?

-Неге ол досы қырыққабатқа көмектеспеді?

-Қиярдың бүрі неден қалған екен?

Сергіту сәті

Қолға алып шарды,

Үрлеймін мен былай:

Уф-ф-ф.

Үрлеймін деп қатты,

Жарып алдым шарды.

Сөздік жұмысы: «көкөніс,қияр,қырыққабат» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Егер де мен...» ойыны

-Сендер өздеріңді қиярмын деп елестетіңдер.

-Қиярдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Жұмбақтың шешімін табады.

Қорапқа қолдарын салып,қолына ілінген көкөністі сипап сезіп,не ұстап тұрғанын айтады.

Ертегіні мұқият тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Қимыл-қозғалыстармен сергіту сәтін жасайды.


Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Әр бала өз ойын айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Біз доспыз бәріміз» ойыны

«Мен сенімен доспын» деп,бір-бірінің қолдарын ұстап,достасуды ұсыну.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

«Мен сенімен доспын» деп,бір-бірінің қолдарын ұстап,достасады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

кейіпкерлердің іс-әрекетінің жағымды жақтарын өздеріне үлгі етіп алуды.

Нені игереді

достыққа деген адалдық қасиетті.

Нені біледі

өз тәжірибесіне жақсы қасиеттерді енгізуді.








Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 7 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Е.Елубаевтың «Апорт» өлеңі

Мақсаты

  • өлеңді жатқа айтуға үйрету;апорт өсірген адамдардың еңбектерін қадірлеуге үйрету;

  • жемістің адамға пайдасы туралы мәлімет беріп,тәрбиелеу;

  • жеміс түрлері туралы білімдерін арттыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Дидактикалық ойындар

Сөздік жұмысы

Алма,таңырқатты,Отан.

Билингвалды компонент

Алма-яблоко,адамдар-люди,жемістер-фрукты

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларға Алматы қаласынан қонаққа қуыршақ Айсұлу келеді.Өзімен бірге себет толы алма алып келеді.

-Қане,барлығымыз алмалардың қандай екенін айтайықшы.

Қуыршақ пен оның қолындағы себетін қызықтап қарайды.

Алманы сипаттайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

«Сипатта» дидактикалық ойыны

Балаларға алма туралы не білетіндерін айтуды ұсыну.

-Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

-Жемістерді кімдер өсіреді?

Сурет бойынша жұмыс

Бақта жұмыс істеп жүрген бағбанның суретін көрсету.

Сөздік жұмысы: «бағбан,алма,таңырқатты,Отан» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

-Мен сендерге осы алмалар туралы өлең оқып берейін.

Апорт

Апорт деген алма бар,

Алматы оның Отаны.

Ондай алма қайда бар?

Жерді жарған атағы.

Күзде жайнап ашыла,

Күннің нұры көшкендей.

Алма ағаштың басында,

Қызыл қарбыз өскендей.

Сергіту сәті

Алма,алма көп алма,

Қызыл сары көк алма.

Теріп алып келейік,

Атамызға берейік.

«Кім шапшаң?» дидактикалық ойыны

Түрлі суреттердің ішінен жемістердің пайдасы бейнеленген суреттерді тауып,қатарластырып қоюды ұсыну.

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою:

-Өлеңде қандай алма туралы айтылған?

-Отаны қай қала?

Жұмбақ шешеміз

Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(алма)

Сұрақтарға жауап береді.

Суретке қарап,бағбанның жұмысы туралы айтады.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.


Өлеңді тыңдайды.


Тәрбиешінің көрсеткен қимылдарын қайталайды.


Жемістердің пайдасы бейнеленген суреттерді тауып,қатарластырып қояды.

Сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақты шешеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Бұл қай жеміс» ойыны

Сипаттама арқылы қай жеміс екенін табуды ұсыну.

«Сырты қызыл,іші ақ,өзі ағашта өседі»

«Түсі жасыл,ағашта өседі,көлемі гитараға ұқсайды»

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.


Қай жеміс туралы айтып тұрғанын табады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жеміс түрлерін ажыратуды.

Нені игереді

Жеміс,көкөністер туралы.

Нені біледі

Жеміс пен көкөністердің пайдалы екендігін.





Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 9 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Т.Әбдірахманованың «Ақ лақ» өлеңі

Мақсаты

  • кейіпкердің іс-әрекетін бақылауға және дауысын тыңдап,көңіл күйін ажыратабілуге үйрету;

  • жанашырлыққа тәрбиелеу;

  • тіл байлықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

ойыншық құлын,қозы,лақтар

Сөздік жұмысы

сиқырлы,жануарлар

Билингвалды компонент

лақ-козленок,жанашырлық-забота,пікір-мнение

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қолындағы допты үй жануарларының атын айтып,балаларға лақтыру.Бала қағып алып,басқа жануарды айтады.Ойын осылай жалғасады.

Ойынды қызыға ойнайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Суретпен жұмыс

Үй жануарлары мен төлдерінің суреттерін көрсету.Әр төлді өз енесінің жанына қою керектігін түсіндіру.

Өлеңмен танысу

Т.Әбдірахмановтың «Ақ лақ» өлеңін оқып беріп,талдау.

-Лақ не істеді?

-Кімді іздеді?

-Фатима не істеді?

Сөздік жұмысы: «сиқырлы,жануарлар» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Егер де мен....» ойыны

Өлеңңді талдап,балалардан «Фатиманың орнында өздерің болсаңдар,не істеуші едіңдер?» деп сұрап,пікір айтқызу арқылы балаларға қиналған адамдар мен жануарларға жанашырлық көрсету керек екендігін түсіндіру.

Әр жануардың қасына өз төлін орналастырады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыс жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Өз ойларын айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Кімнің дауысы?» дидактикалық ойыны

Әртүрлі үй жануарларының дауысын салып,балалар кімнің дауысы екенін табу керек.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Қай жануардың дауысы екенін айтады және оның көңіл күйін анықтайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

қиналған жандарға жанашырлық танытуды.

Нені игереді

сұрақтарға толық жауап беруді.

Нені біледі

өз достарына керек кезде көмек көрсетуді.











Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 11 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Ш.Әбдіғалиқызының «Мысық пен тауық» әңгімесі

Мақсаты

  • ертегіні оқып беру;мазмұнын түсіндіру;

  • қамқор болуға тәрбиелеу;

  • есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Ойыншық мысық,суреттер,сиқырлы кітап.

Сөздік жұмысы

Марғау,шұп-шұбар.

Билингвалды компонент

Марғау-котенок,тауық-петух,ет-мясо.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Топқа марғау (мысықтың баласы) келеді де,балалармен бірге қалғысы келетінін айтады.Тауықты байқап қалады.

-Тауықты ары қарай отырғызшы,-дейді.

-Неге,тауықтан қорқасың ба?

-Ол мені бас салады.

-Бәлкім,сен оның балапандарын жеп қойғың келген шығар?

Балалар шеңберде отырады.Марғаумен амандасады.

Марғау мен тәрбиешіні тыңдайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

-Қазір біз «Мысық пен тауық» әңгімесін тыңдаймыз,сонда сендер марғаудың неге тауықтан қорқатынын түсінесіңдер.

Әңгіме тыңдаймыз

Әңгімені оқып беріп,мазмұны бойынша сұрақтар қою.Тірек сурет арқылы мазмұнын әңгімелету.

Жұмбақ шешеміз.

Өзі жап-жас,мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар. (мысық)

Сергіту сәті

«Тышқан» саусақ ойыны

Тышқан сенің тықырың,

Естілмесін ақырын.

Мысық кетіп қалғанша,

Мұнда келіп жасырын.

(Г.Әбдрахимова)

Балалардың саусақ қимылдарын дұрыс жасауларын қадағалау.

«Сиқырлы қалта» ойыны

Қалтаға қолдарын салып,сипап сезу арқылы не ұстап тұрғандарын айтуды ұсыну.

Сөздік жұмысы: «Марғау,шұп-шұбар» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.


Әңгімені тыңдайды.Тірек сызба арқылы мазмұнын әңгімелейдіүӘңгіменің мазмұны бойынша суреттерді ретімен қатарластырып қояды.

Жұмбақты шешеді.

Өлеңді бірге айтып,саусақ қимылдарын жасайды.


Сипап сезу арқылы қандай ойыншық екенін табады.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Текшелер» ойыны

Текшені лақтырып,түскен суретке қарап,нені істегендерін әңгімелеу.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сурт бойынша оқу іс-әрекетінде немен айналысқандарын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жануарлар туралы.

Нені игереді

Жануарлардың түрлерін.

Нені біледі

Жануарларды күтуді.









Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 13 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Қ.Сыдықовтың «Қар» өлеңі

Мақсаты

  • өлеңдегі кейіпкерлердіңіс-әрекетін бақылау;

  • балаларды еңбек етуге,үлкендерге қолдан келгенше көмектесуге тәрбиелеу;

  • оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Қыстың суреті,күрек ұстаған қуыршақ

Сөздік жұмысы

Мезгіл,күрек

Билингвалды компонент

Кейіпкер-персонаж,қонақ-гости

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қолына күрек ұстаған қуыршақ қонаққа келеді.

Балалармен амандасады.

-Сен мұнда не істеп жүрсің?

Қуыршақ:

-Мен мына затты тауып алдым,бірақ не үшін керек екенін білмеймін.

-Бұл зат не үшін керек екенін білу үшін бізбен бірге бол,төрге шық.

Қуыршақпен амандасады.


Диалогты тыңдап,қуыршақты төрге шығарады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Қуыршақты балалардың қатарына отырғызу.

Қ.Сыдықовтың «Қар» өлеңін оқып беру.

-Өлең не туралы?

-Қар қай мезгілде болады?

-Қар не үшін керек?

-Адамдар қарды не істейді?

Күрекпен ауладағы қарды күреуге болатынын айту.Үлкендерге көмек көрсетпекші болғанын түсіндіру.

Тірек сызбамен жұмыс

Тірек сызба арқылы өлеңді жаттату.Мазмұнын түсіндіру арқылы,қуыршақ балаларға не үшін жолдарды тазалау керектігін түсіндіру,балаларды еңбек етуге ынталандыру.

Сергіту сәті

Қыста жылыну үшін жасалатын әрекеттерді (құлақтарын,қолдарын ысқылау,жүгіру,секіру) орындауды ұсыну.

Сөздік жұмысы: «мезгіл,күрек» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Қар біізге ұнайды,ұнамайды» ойыны

Қар туралы өз ойларын айтуды ұсыну.

Өлеңді мұқият тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Үлкендерге көмектескілері келгендерін,бәрінің де қар күрегісі келгендерін айтады.

Өлеңді қайталай отырып,жаттайды.


Әртүрлі қимылдар жасайды.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Өз ойларын ортаға салады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту.

Қуыршақпен қоштасу.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Қуыршақпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жолды қардан тазалау қажеттігін.

Нені игереді

Суретке қарап,қай мезгіл екенін анықтауды.

Нені біледі

Тірек сызбаны қолдану арқылы түсіндіруді.



Өткізген тәрбиеші: Есенаманова Ақтоты Жоламановна





Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 15 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Е.Елубаевтың «Қыста құстар қадірлі» өлеңі

Мақсаты

  • құстардың қыстағы тіршілігі туралы түсінік беру;

  • шығарма желісі бойынша құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

  • есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Құстардың суреттері

Сөздік жұмысы

Сауысқан,бозторғай,қарлығаш

Билингвалды компонент

Сауысқан-сорока,әңгіме-беседа,қарлығаш-ласточка

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларға конверт көрсетіп,тауып алғанын айту.

Хатты оқып беру «Өтінемін,бізге көмектесіңдерші.Біз қатты жаурадық.Сауысқан мен бозторғай».

Конвертті көріп,таңданады,қызығушылық танытады.Мұқият тыңдап,құстарға қалай көмектесуге болатынын ойластыру.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Сұрақтар қою:

-Сауысқан мен бозторғайға көмектесу үшін не істесек екен?

-Мүмкін,оларды топқа шақырып,жылы киіндірерміз?

«Қыста құстар қадірлі» өлеңін оқып беру.

Өлеңді талдау:

-Өлең не туралы?

-Құстар не деді?

-Құстар тоңбау үшін,аш қалмау үшін не істеу керек?

Сергіту сәті

Қане,қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Сөздік жұмысы: «сауысқан,бозторғай,қарлығаш» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Жасырынған суретті тап» ойыны

Тақтаға әңгіме желісімен салынған суретті жасырып қою.

Көздерін жұмғызу.Көздерін ашқанда жасырылған суретті атауды ұсыну.

Қыста құстарды қадірлеудің мәнісін түсіндіру.Далаға ойнауға шыққанда сауысқан мен бозторғайға арнап,астауға нан қоқымын,бидай дәндерін салатындарын айту.

Сұрақтарға жауап береді.

Өлеңді тыңдайды.

Өз ойларын ортаға салады.

Өлеңді қайталап,қимылмен көрсетеді.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Тақтадағы жасырынған суретті атайды.


Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Құстарға қамқорлық жасауға қуана келіседі.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту.

«Құстар қадірлі» ойыны

Балаларға ұсынылған тақырыпта өз ойларын айтуды ұсыну.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Құстардың неге қадірлі екені туралы өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Қыста құстарға міндетті түрде көмек қажеттігін.

Нені игереді

Құстарға қамқорлық жасауды.

Нені біледі

Басқа жағдайда да қамқор болуды.


Өткізген тәрбиеші: Есенаманова Ақтоты Жоламановна






Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2016 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 17 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Ә.Дүйсекеевтің «Қолғап» өлеңі

Мақсаты

  • өлеңді зейін қойып,тыңдауға үйрету;тоқымашы туралы түсінік беру;

  • ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  • үлкеннің еңбегін бағалай білуге дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Қолғап пен әженің суреті

Сөздік жұмысы

Қолғап,аяз,біз

Билингвалды компонент

Қолғап-перчатка,варежки;көңілді-веселый.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қонаққа ұл бала келеді.Ол өзінің қолғабын жоғалтып алғанын айтады.

Баланы жұбатады.Өздерімен бірге отырып,жылынуға,өлең тыңдауға шақырады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Өлең тыңдаймыз

Өлеңді тірек сызбаны қолдана отырып оқып беру.

Қолғап

Жоғалыпты қолғабым,

Тыз-тыз етті қолдарым.

Сорып аяз тастады,

Естен кетпес тоңғаным.

Қолғаптық жіп шығарып,

Тоқыды әжем біз алып.

Мен отырмын ұяттан,

Тоңғандай болып қызарып.

Сергіту сәті

Аппақ қылып өңірді

Қар жауды,қар жауды.

Көңілді балалар

Қызығып секірді,секірді.

Сөздік жұмысы: «Қолғап,аяз,біз» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Ойна да,ойла» дид ойыны

Тоқымашының еңбегі бейнеленген суреттерді тауып,қатарластырып қояды.

Тірек сызба арқылы балалар бірге қайталайды.Мазмұны бойынша әңгімелейді.


Сызба бойынша тақпақты қайталап,жаттайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Қажетті суреттерді тауып,қатарластырып қояды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту

«Қатесін тап» ойыны

Сызба суреттерді шатастырып қойып,балаларға реттеуді ұсыну.

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Нені жоғалтты?

-Қолдар қайтті?

-Аяз не істеді?

Балаларды мадақтап,

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сызба суреттерді реттеу,өлеңді қайталап айту.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Киім түрлерін.

Нені игереді

Өлеңді жаттап,мәнерлеп айтуды.

Нені біледі

Қолғапты кімнің тоқитынын.


Өткізген тәрбиеші: Есенаманова Ақтоты Жоламановна








Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2016 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 25 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Ә.Дүйсенбиевтің «Бұл қай кезде болады?» өлеңі

Мақсаты

  • табиғатта көктем мезгілінің әсемдігін сезіндіру,гүлді жұлмау,ағаш бұтақтарын сындырмау керектігін түсіндіру;

  • адалдыққа тәрбиелеу;

  • тіл байлықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Көктем суреттері

Сөздік жұмысы

Бұлтты,желдеткен,нөсерлеткен,шалшық,бау-бақша,ұя,гүл шоғы.

Билингвалды компонент

Бау-бақша-сад,ұя-гнездо,қар-снег.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ шешеміз

Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен.

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

Жұмбақты қызыға тыңдап,шешімін табады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде біз қалай киінеміз?

Өлең тыңдаймыз

Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

Сөздік жұмысы: «бұлтты,

желдеткен,нөсерлеткен,

шалшық,бау-бақша,ұя,гүл шоғы» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

«Көркем фильм» ойыны

Өлең желісі бойынша суреттерді қатарлап қояды.Өлеңді сурет бойынша қайталатып айтқызу.

Сұрақтарға жауап береді.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


Жаңа сөздерді қайталап,мағынасын түсінеді.


Сурет бойынша өлеңді қайталап айтып,жаттап алады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту.

«Гүл шоғы» ойыны

Бір-біріне гүл шоғын бере отырып,жылы сөздер айтуды ұсыну.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Бір-біріне жылы лебіздер айтып,гүл сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Табиғатты таза ұстау керек екенін.

Нені игереді

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін.

Нені біледі

Табиғатты қорғау керек екенін.


Өткізген тәрбиеші: Есенаманова Ақтоты Жоламановна














Бекітемін__________________

Есбол орта мектебінің оқу ісі

жөніндегі орынбасары А.Хасанова

«__» _______________ 2016 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 27 технологиялық картасы

Білім саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Наурыз мерекесі

Мақсаты

  • мереке туралы түсінік беру;

  • ұлттық мерекелерді құрметтеуге тәрбиелеу;

  • салт-дәстүрді қадірлеп,білімдерін дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Наурыз мерекесі бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмысы

Наурыз мерекесі,ән-жыр,салт-дәстүр

Билингвалды компонент

Ән-песня,салт-дәстүр-обычая

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсыну.

Бір-біріне жылы лебіз айтады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Серуенге шығару

Табиғатқа,қоршаған ортаға көңіл аударту.Көктем мезгілінің бірінші айы - Наурыз айы екенін түсіндіру.

Әңгіме тыңдаймыз.

-Мерекеде Наурыз көже жасалады.Адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтады.Ән айтылып,салт-дәстүріміз жаңғырады.

Өлең тыңдаймыз

Жақсы ма,ата,халіңіз?!

Менің атым - Наурыз.

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім,алыңыз.

Сөздік жұмысы: «Наурыз мерекесі,салт-дәстүр» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Гүл ұсыну» дид ойыны

Гүлді бір-біріне ұсынып,тілектер айтқызу.

Жыл мезгіліне байланысты қандай өзгерістер болып жатқанын айтады.

Әңгімені тыңдап,оның мазмұнын тәрбиешінің жетекші сұрақтары арқылы мазмұндайды.

Қимылдармен көрсетеді.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Бір-бірлеріне гүлді ұсынып,жақсы тілектер айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорыту.

Балаларды мадақтап,

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Оқу іс-әрекетінде немен айналысқандарын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Наурыз мерекесі жайлы.

Нені игереді

Салт-дәстүрлерімізді.

Нені біледі

Ұлттық мерекелердің бар екенін.

Өткізген тәрбиеші: Есенаманова Ақтоты Жоламановна



© 2010-2022