Воспитатель Урок Көркем әдебиет Мақта қыз бен мысық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық.

Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні диалог

құра отырып мәнеріне келтіріп сахналау.Балалардың тілдерін ойларын

дамыту.

Керекті құралдар:ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін атрибуттар.

Сабақ барысы:

Психожаттығу:Амансың ба? Халің қалай?

Мен сені көргеніме ,өтте қуаныштымын.

Сайқымазақ кіреді: Балаларды күлдіреді,әр түрлі қимылдар жасайды

Тәрбиеші: балалар бұл кім болды екен?

Балалар: Сайқымазақ

Тәрбиеші:Сайқымазақ қайда ойнайды?ертегіде ме?

Балалар:сайқымазақ театрда ойнайды ,балаларды күлдіреді

Тәрбиеші:(қобдиша тауып алады)Қараңдар міне керемет, бұның

ішін де, не бар екен?(атрибуттар)балалар сендер қандай ертегі

білесіңдер?

Балалар: (қаңбақ шал, жеті лақ,бауырсақ,шалқан, мақта қыз бен мысық)

Тәрбиеші:олай болса Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналап бере

аламыз ба?

Балалар: сахналап береміз.(атрибуттарды киеді)

Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз үйін жинап жүріп ,бір мейіз тауып алады да,мысықты шақырады.

Мысық келмейді.Қыз «келмесең,келме»-деп, мейізді жеп қояды.

жеп болған соң мысық келіп:-Неге шақырдың?-деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды.Мысық:ендеше қатығыңды төгемін,-дейді.

Мақта қыз: мен сенің құйрығыңды алып қоямын!- дейді

Мысық қатықты төгеді.Мақта қыз құйрығын алып қояды.

Мысық Апа,апа құйрығымды берші, дейді.Мақта қыз:

Менің қатығымды төле!-дейді

Мысық сиырға барады.Сиыр,маған қатық берші,-дейді.Сиыр:

Менің қарным аш, жапырақ әкеліп берші,-дейді

Мысық ағашқа барады:

Ағаш,ағаш,маған жапырағыңды берші!-дейдіАғаш:мен шөлдеп тұрмын

Су әкелсең жапырақ беремін, -дейді. Мысық суға бара жатып, су әкеле

жатқан қыздарды көреді.Қыздар, қыздар маған су беріңдерші,-дейді

Қыздар оған: Бізге сағыз әкеліп берсең,біз саған су береміз,-дейді

Мысық дүкенге барады.Әй, дүкенші ,маған сағыз берші .-дейді

Дүкеші: Маған жұмыртқа бер ,-дейді

Мысық тауыққа барады.-Тауық,тауық,маған жұмырттқа берші,

Тауықттар:-бізге дән әкеліп берсең біз саған жұмыртқа береміз

Мысық: «Енді не қыламын?»-деп бара жатса бір ін қазып жатқан тышқанды

көреді.Мысық тышқанды бас салады.жаның барында айт, үйіңде не бар?

Тышқан қорыққанынан: Үйімде бір табақ тарым бар,-дейдіМысық:

Маған бір уыс бер,- дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.Мысық тарыны алып

Тауыққа береді,тауық жұмыртқа береді,жұмыртқаны алып дүкеншіге береді,

Дүкенші сағыз береді,сағызды апарып қыздарға береді,қыздар су береді,суды

апарып ағашқа береді,ағаш жапырағын береді,жапырақты апарып

сиырға береді,сиыр қатық береді,қатықты апарып Мақта қызға береді,

Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Тәрбиеші:Ертегі кім туралы болды? Балалар (жауабы)

Мақта қыз бен мысықтың бір- біріне істегендері дұрыс па?

(балалар жауабы)

Сайқымазақ: Керемет ,ертегіні қалай жақсы ойнайсыңдар. Енді

Мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп отыр, соны шешіп көрейік:

Өзі жап-жас,мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп-шұбар.

(мысық)

Дұрыс: ендеше сол мысықты жапсырып көрсетейікші

Сергіту сәті:

Қорытынды: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.






© 2010-2022