Зерек бала бағдарламасы бойынша балалар білу керек

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ІІ кіші, ортаңғы топ балалары білу қажет: (3 жастан- 4жас шағында)


  • Мәдени-гигиеналық дағдылар бойынша:


  • Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді білуі,

  • Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауды білу, өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдылы болуы,

  • Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарай білу. Үлкендердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарай алуы,

  • Балалар үлкендермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араласуға ынтасының болуы қажет,

Дене бітімінің дамуы:

  • Дене күшінің дамуы, ептілікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдікті сақтауға дағдыландыру, Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындай алуы,

  • Сапқа тұру мен қайта тұра алудың қарапайым дағдыларын білуі,

  • 3-4 жасар балалар ауа - райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіну, Тек қана өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін білуі.

-Білімділік, танымдық процестерінің дамуы:

  • Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білу,

  • Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен таныс болуы,

  • Заттарды топтастырып, оларды атай білу(ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).

  • Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) білуі,

  • Балалардың сөздік қорында тұрмыстық заттардың атауларының болуы: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.

  • Балалардың сөздік қорында ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуiш, теңге т.б) біліп, аттары мен қызметтерін білу,

  • Тегі, әкесінің аты, қайда жұмыс жасайды, мамандықтарын, мекен-жайын, телефон номерін білуі,

  • Отанымыздың атауын, қаламыз , басқа ірі қалалар жайында білуі,


  • Өзінің немен айналысқанды жақсы көретіндігі жайында түсінігінің болуы,

  • Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (менің қолым, аяғым, басым, құлағым және бетімде көзім, мұрным, ауызым бар) екендігін білуі,

  • Өзін құрметтеуге және өзінің «Мен өзім» деген дербестігін нығайтуға мүмкіндіктерінің болуы,

  • Үлкендердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, «Сіз» деп айту (апай, ағай, аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын білуі,

  • Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету, (дыбыстың әндетілуін және дыбыстың созылмай кедергімен айтылуы жөнінде түсініктерінің болуы) /ІІ жарты жылдықта /

  • Үй жануарлары мен жабайы жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы- жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айта білуі.

  • Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрай алу,

  • Үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста «көмектесуіңізді өтінемін», «менімен ойнашы» сөздерін қолдануы,

  • Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба біліп ұқсастықтарын айтуы,

  • «Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап бере алуы,

  • Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуі,

  • Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білу,

  • Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеулер жүргізуге қатысу, өз ойын білдіру,

  • Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білу (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).

  • Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.

  • Жыл мезгілдері, аптада неше күн бар, апта аттарын білу,

  • Үлкендер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білу,

  • Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы білу,


  • Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылап және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көріп, білуі,

  • Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасай алуы,

  • Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауы, табиғаттың құбылыстарына қызғушылықтарының болуы,

  • Күз. Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін - күннің қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа ұшып кететінін білуі,

  • Қыс. Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін - жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын білу, қармен ойнап аққала соғуға болатынын. Мұз қатты, жылтыр, жылы жерде тез ериді. «Жаңа жылдық шырша» - ең сүйікті қысқы мереке екендігін білу,

  • Көктем. Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу: күн жылып қар ериді, күннің көзі жарқырап, өсімдіктер мен ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады. Көктемгі жұмыстар басталады: жер аударады, гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын отырғызады. Малдарды өріске айдауы жайында білулері,

  • Жаз. Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері жылы және ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер өсіп, гүлдер гүлдейді, Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар: гүлдерді, көкөністер мен жеміс ағаштарын суарады жайында білу,

Өсімдіктер әлемі жайында

  • Ағаштарды танып, атай білу: қайың, шырша.

  • Гүлдерді танып, атай білу: түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері - фикус, қазоты, қынагүл.

  • Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердін сабағын, жапырағын, гүлін тауып атай білу. Жануарлар әлемі

  • Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр) мен жабайы аңдар (аю, қоян, түлкі) туралы түсініктерінің болуы,

  • Құстар туралы түсініктерінің болуы: әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан.

  • Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа), қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

  • Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру


Заттық орта:

  • Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерінің болуы,

  • Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері мен бөлшектерін бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін білу.

  • Заттарды сапасы мен қасиеттерін ажыратуға үйрету:

  • сипап сезуге (тегіс - кедір-бұдыр);

  • дәміне (тәтті - қышқыл);

  • естуіне (сыбдырлайды - тарсылдайды), заттармен әрекеттерді білу.

- Байланыс және көлік құралдары:

  • Көлік түрлерін (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып атауы,

  • Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, кузов, дөңгелек) ажырата білуін дамыту.

  • Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру

-Менің елім - Қазақстан:

  • Біздің елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдау қажеттегі жайында, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып өсіретініз туралы түсініктерінің болуы,

  • Үлкендер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы білуі,

  • Адамдар - үйлер мен киіз үйлерде тұрады, Баспана туралы қарапайым түсініктерін білу,

  • Қазақстан халықтарының мәдениетінен алғашқы түсініктерін танып білу,

Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.

Бағдаршамның түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі беретіндігін түсіндіру.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;

- үшкір заттармен ойнамау;

- электр құралдарынан алыс жүру;

- отпен ойнамау;

- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау;

- серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу

- Балалардың білуге тиісті тақпақтары:

  • С. Боранбаев- «Лақ», Т. Жексенбай- «Лақ пен бұлақ» «Бақа мен балық», С.Қасиманов- «Төрт түлік», Т. Молдағалиев -«Жапырақтар», М. Әлімбаев- «Қоңыраугүл», К. Ахметова-«Алтын дән»,М. Әлімбаев «Кемпірқосақ», «Мұз сүңгісі»,К. Көпішев «Мұз айдыны»,И. Суриков «Қыс».


  • Ә. Дүйсенбиев «Тентек доп».Н. Әлімқұлов «Барабан»,Ә. Табылдиев «Кеме»,Ә. Дүйсенбиев «Бір күні өзен басында»

  • Б. Данабеков «Қайырымды бала»,

  • В. Маяковский «Жақсы деген немене …» Н. Исахметов «Әже»

  • Ә. Тәжібаев «Менің атам»

  • Ш. Перро «Қызыл телпек»

  • П. Воронько «Бәліш», Ә. Табылдиев «Жыл мезгілдері» (жаттау)

  • Ш. Ахметов «Бұл қай кезде болады?»

  • Ә.Табылдиев «Кемпірқосақ»

  • Б.Әбілов «Көктем сәні»

  • І. Жансүгіров «Жаз»

  • А.Асылбек «Көктем»

- Балалардың білуге тиісті ертегілері:

  • Ат пен есек» қазақ ертегісі

  • «Бұлан» түркімен халық ертегісі

  • «Адасқан құмырсқа» қазақ халық ертегісі

  • «Тауық пен қоян» африка халық ертегіс

  • «Екі қомағай қонжық» венгер халық ертегісі

  • «Қаздар мен аққулар» орыс халық ертегісі

  • «Әтеш пен бұршақ дәні» орыс халық ертегісі

- Балалар білуге тиісті әндер:

Ө. Байділдаев «Балақан да, балапан»

Н. Тілендиев «Бесік жыры»

Б. Қадырбекова «Құттықтаймын ана»

Б. Аманжолов «Тәтті нан»,

Д. Ботбаев «Жаңбыр»

И. Сапарбаев «Ойыншықтар»

Қ. Шілдебаев «Кірпі», «Қыс»

Ө. Байділдаев «Мысығым»

Л. Хамиди «Шырша жыры», «Дала аппақ»

И. Нүсіпбаев «Қандай суық қыс деген», «Біздің балабақшамыз»

Т. Тайбеков «Мен бақшаға барамын»

А. Асылбеков «Біз өмірдің гүліміз»

Ә. Бейсеуов «Ақ мамам»

Б. Байқадамов «Кел, билейік»



© 2010-2022