Білім беру саласы: Таным, Қатынас. Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Тобы: «Балдәурен»

Білім беру саласы: Таным, Қатынас.

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен-кіші. Бір-көп». Мақсаты:Таңертең(таң)-тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші) және санына қарай(бір-көп) салыстыруды үйрету, қоршаған ортадан бір және таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу. Алдын-алажүргізілетін жұмыстар:

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Қажетті құрал -жабдықтар :ойыншық кірпі-1 дана, шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер: үстел, күн, ай, орындық және көп заттар: орындықтар, қасықтар, кітаптар, дәптерлер, таңертеңгілік мезгіл бейнеленген сурет. Билингвальді компонент:таңертең-утро, үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Іс-әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Шаттық шеңбері.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуағын төгіп нұр,

Сәлем күн ана.

Ғажайып сәт.

-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түцреген, Киімі бар инеден. (Кірпі)

-Балалар, жұмбақ не туралы? Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларғабір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

-Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерін келе ме?

-Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды.

Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдандар.Кірпі шымылдықтың артында тұрып тақпақты оқиды.

Таң

Таң шапағы алаулап,

Дала нұрға боялды.

Мүлгіген бақ манаурап,

Ұйқысынан оянды.

Жүзін желдің өтіне

Тосты гүлдер желбіреп.

Жапырақтар бетіне

Мөп-мөлдір шық қонды кеп.





Қызығушылық танытады.

Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады.

-Кірпі туралы.

Кірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.

-Иә, білгіміз келеді.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Тақпақты тыңдайды.

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі оқу іс-әрекеттерін орындау. (1-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.) Тәрбиеші балаларға бірнеше сұрақтар қояды:

-Балалар, тақпақта тәуліктің қай мезгілі туралы айтылған?

-Біз таңертең не істейміз?

Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады.

-Бала не істеп жатыр?

«Үлкен және кішкентай» ойыны.

(2-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма). Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Кірпілер бірдей ме?

-Олар қандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанынайтады: үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.

Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді: үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпіден кішкентай кесегет қарай жол салыңдар.

-Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?

-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді?

Билингвальді компонент: таңертең-утро, үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Сергіту сәті.

Жаттығу жасаймыз!

Бір деп - тік тұрамыз.

Екі деп - екі рет айналамыз.

Үш деп - үш рет секіріп.

Төрт дегенде - отырамыз!

«Бір және көп » ойыны.

(3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма).Кірпілер тек сүтті ғана емес, алманы да қатты жақсы көретінін айтады.

-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші. Кірпі мынадай сұрақтар қояды:

-Ағашта неше алма бар?

-Жерде неше алма жатыр?

-Қай жердегі алма көп?

Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршап сызуларын тапсырады. Жеке көмек көрсетеді. Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады.Тәрбиеші балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден»,-деп сұрайды.

Түскі ас кезінде тәрбиеші балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың ішіндегі жжемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді. Текшелермен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады.

Жұмыс дәптерлерін алады.

-Таңертең туралы.

-Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз. Кірпінің айтқанын тыңдайды.

-Бала оянып,жуынып, жаттығу жасап, таңғы асын ішіп отыр.

Балалар сұрақтарға жауап береді:

-Кірпілерді көріп тұрмыз.

-Әртүрлі.

-Үлкен және кішкентай.



Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Үлкен кеседен ішеді.

-Кішкентай кеседен ішеді.

Қайталайды:таңертең - утро,үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Балалар жаттығу жасайды.Бойларын тіктеп тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді. Отырады.

Балалар мұқият тыңдайды.



Балалар жауап береді:

-Бір алма бар.

-Көп алма жатыр.

-Жердегі алма көп.

Кірпімен қоштасады.

Үлкен орындық біреу, ал кішкентай орындықтар көп, аквариум біреу,ал гүл көп, сағат біреу, ал ойыншықтар көп, үлкен үстел біреу, ал кішкентай үстелдер көп.

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

«Картинаны тап» ойыны

.ҰОІӘ жақсы қатысқан балалады мадақтау.р



Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып атайды.

Балалар риза болды.

Күтілген нәтижелер: Нені біледі: заттардың көлемі мен санын, тәуләк мезгілін-таңды атайды; Қандай түсініктерді игерді: заттардың көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) және саны бойынша (біреу-көп) болатынын; Меңгерген іскерліктерімен дағдылары :қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.



© 2010-2022