9 мамыр мерекелік сценариі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

шағын орталығы





9-мамыр

Ұлы Жеңіске 66-жыл


9 мамыр мерекелік сценариі






Тәрбиеші: А.Б.Магмурова.












Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты түншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Құрметті қонақтар, ұстаздар !
Биылғы жылы 9-мамыр күні Ұлы Жеңіске 66-жыл толады.Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етігімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі, жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.
Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те бақытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп,ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ.

Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда.

Олай болса ортаға бірінші отрядтағы ұландарымыз шақырамыз

(3 жастағы тәрбиеленушілер саппен шығып безендірілген машинаға отырады)

9 мамыр мерекелік сценариі

екінші отрядтағы ұландарымыз шақырамыз

(4-5 жастағы тәрбиеленушілер саппен шығады)

9 мамыр мерекелік сценариі

1. ҚР гимні орындалсын

9 мамыр мерекелік сценариі9 мамыр мерекелік сценариі

Отан үшін жанын қиған боздақтар,
Рухың сенің от боп маздап жалындар!
Ей,жас ұлан, ұмытпаңдар ерлік еткен ерлерді,
Тағзым етіп, бас иіп гүл қойыңдар

( саппен айналып барып мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қояды)

9 мамыр мерекелік сценариі

2. ұлдар тақпақтарын айтады ,

3. ән ұлдардың орындауында "Салдат болам мен ертең" әнін айтып отырады

9 мамыр мерекелік сценариі9 мамыр мерекелік сценариі

Шағын концертімізді қабыл алыңыздар 4. қыздар би гүлдер 5. қыздар тақпақтарын айтып шығыпкетеді

9 мамыр мерекелік сценариі9 мамыр мерекелік сценариі9 мамыр мерекелік сценариі

6. ән Бала тілегі Ақерке

7. бала тілегі Анель

8. Би аққу Аққыз

9 Атамекен әні хормен

Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің,
Бесігіне сәбидің,
Мәңгілік бақыт орнасын.
Болмасын соғыс, болмасын!

Мерейгүл : Отан туған үйіміз,

Отан туған жеріміз,

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз.

Нұрай : Отан - менің ата - анам,

Отан - досым, бауырым.

Отан - үлкен Астанам

Отан - туған ауылым.

Бекарыс : Біздің солдат-сақшысы

Біздің қызық күндердің

Біздің солдат-сақшысы

Біздің тыныш түндердің.

Ибрагим: Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін,

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.

Ақерке: Енді соғыс болмасын,

Қабақты қайғы шалмасын.

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін аналар.

Анель: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Али: Ынтымақ бар елде гүлденсін,

Адамдар араз боп жүрмесін.

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қан құйлы соғысты көрмесін.

Абзал: Қара бұлт күн көзін шалмасын,

Қуаныш жер-көкті шарласын.

Сәбилер шаттанып ұшырған.

Ақ кептер аспанда самғасын!

Алтынай: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік.

Құралай: Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді, алақай!

Жетім қалған балаға

Тоя жейтін нан болып.

Абат: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия аты-көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Атын аңыз, жыр қылып

Елдің батыр түлегі,

Әр жүрекке тұр келіп.

Аққыз: Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер

Отан- ана, Отан үлкен

Қазақстан- туған ел!

Ералы: Отан бізге біреу-ақ

Ол біздің-Қазқстан

Елге қауып төнбесін,

Аман-есен болайық.

Ардагер асыл атаның,

Ақ батасын алайық,-


© 2010-2022