Сабақ жоспары Біріншіге барамыз 1 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: : « Біріншіге барамыз!»
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, « Біріншіге барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ҚР Гимні айтылады
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1 оқушы:
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
2 оқушы:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.

3 оқушы:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

4 оқушы:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
5 оқушы:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

6 оқушы:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
7 оқушы:
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.
8 оқушы:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
9 оқушы:
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма Математика сабағынан.
ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

І тапсырма
- Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан» туралы жаттаған өлеңдерің барма?
- Сендердің ауылдарыңның аты қалай аталады?
- Мектептің аты қалай аталады?
- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның байрағы»
- Неше жыл мезгілі бар?
- 1 аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
ІІ тапсырма
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
ІҮ тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
ӘН: «Ертегілер» орындайтын Жұмаш Ұлболсын
Тәрбиеші:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді ,
Айтып берер санамақ.
(Санамақтар айтқызу)


1 саны-Әли
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны-Гүлназ
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны-Ерасыл
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны-Кәусар
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны-Төлеби
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны- Айкөркем
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
нөлмен бітер аяғым
7саны-Ұлболсын
Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны-Сұлтан
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны-Алшер
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Балаларға алғыс хат тапсыру.
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды
- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата -аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.



© 2010-2022