- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Әлеуметтік орта Көркем әдебиет Тақырыбы: Күз
Әлеуметтік орта Көркем әдебиет Тақырыбы: Күз
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Куанышова А.Б. |
Дата | 24.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Күз»
Мақсаты: Табиғаттағы, ауа райындағы, адамдардың киімдеріндегі қарапайым өзгерістерді байқауға үйрету. Тәрбиешілермен бірге табиғат құбылыстарын байқау ықыласын тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімге тәрбиелеу.
Алдын - ала жұмыс: Табиғаттағы, ауа райындағы, адамдардың киімдеріндегі қарапайым өзгерістерді байқау.
Сөздік жұмыс: Табиғат, ауа райы, суық, жапырақ.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер
Билингвальдық компоненті: Күз-осень
Табиғат-природа
Ауа-райы- погода
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің басқарымдық іс - әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
I кезең-
мотивациялық-
қозғаушы
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Күз келгенде тамаша
Ән саламыз жараса
Жеміс жидек піскнде
Жейміз оны таласа
Күзде қандай өзгерістер болады?
Бүгін ауа райы кандай?
Балалар жыл мезгілі күз екеннін айтады.
Әнді тәрбишімен бірге қайталайды.
Күзде күн суытып, құстар жылы жақа ұшатынын, жеміс жидектер пісетінін, жапырақтар сарғаятынын айтып береді.
II кезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік.
Ал, балалар күн салқындау болса, бізге күз келіп қалды ғой!
-
Сендер бүгін қандай киімдерді кидіңдер?
Суретпен жұмыс:
-
Балалар, қарандаршы ағаштардың жапырақтары қанай түсті?
-
Жазда жапырақтар қандай түсті болады?
Бізге күз келгенде мына жасыл жапырақтар сарғаяды. Балаларға жапырақтарды көрсету.
Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
Сергіту сәті:
Мен шиемін шиемін күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар төмен басты иесін.
Балалар құстар қай жақа ұшып кетеді.?
Неліктен құстар жылы жақа ұшып кетеді?
Күз мезгілінде нелер піседі?
Жұмбақ:
-
Өзі домалақ, хош иісті түсі қызыл,
Қоңыр тәтті ол не?
-
Отыз көйлек киген, бір түйме жоқ ілінген ол не?
Өте жақсы.
Балалар өздерінің жылы, қалың киінгендерін айтады.
Балалар ағаштағы жапырақтарға назарларын аударып жапырақтың түсін атап айтады.
Жазда жапырақтардың түсі жасыл болатынын айтып береді.
Балалар құстардың жылы жақа ұшып кететінін айтады.
Құстар суыққа төзе алмағандықтан жылы жақа ұшып кететінін айтады.
Көкөністер мен жемітер пісетінін айтады.
-
Алма
-
қырыққабат
III кезең-
Рефлексивті- түзеуші
Д/о «Жапырақтарды түсіне қарай жина»
-
Балалар бізге күз келдіме?
-
Күзде ауа райы қандай болады?
-
Күн салқын болғанда сендер қандай киімдер киесіңдер?
-
Күз табиғаты қандай тамаша!
Ойынға қызығып белсене қатысады.
Балалар қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап беруге тырысады.
Балалар тәрбиешімен келіседі.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Табиғаттағы, ауа райындағы, адамдардың киімдеріндегі қарапайым өзгерістерді байқау
Түсінеді: «Ыстық», «салқын», «жылы» түсініктері.
Қолданады: Күз ерекшеліктерін ажырата білу