Тренинг. Мектепке дейінгі мекемеге келетін балалардың ата-аналарына арналған тренинг. Тақырыбы: Мен таңдаған өмір

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Балдырған» мектеп - балабақшасы











Тақырыбы:


«Мен таңдаған өмір»


Тренинг

(ата-аналармен)





Өткізген балабақша психологы: Каменова Ж. З.








2014 - 2015 оқу жылы

Ата - аналармен тренинг


Тақырыбы: «Мен таңдаған өмір»

Мақсаты: Ата -аналар арасында жағымды қарым -қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесу.

Тренинг ережесі: Сенімділік, сыйластық, жақын араласу.

Барысы: Ата-аналар шеңбер жасап тұрады.

І. Сәлемдесу, бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір -бірімзге күлімсірей қарайық.

2 нұсқа. Бір -бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесеміз.

Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала, жанұя, отағасы т.б.)

ІІ. Доппен жаттығу.

Бала сіз үшін кім? Допты бір - біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала -болашағым, серігім, бақытым,өмірімнің жалғасы т.б.

ІІІ. «Өзіңді теңей біл»

Әркім өзін бір затқа немесе бір табиғат құбылысына теңейік.

Мысалы: Мен бұлақпын. Мен адамдарды, жануарларды қоректендіремін. Мен өмірге керекпін.

Тренинг. Мектепке дейінгі мекемеге келетін балалардың ата- аналарына арналған тренинг. Тақырыбы: Мен таңдаған өмір

ІҮ. «Түймедақ» жаттығуы

Әрбір тыңдаушы түрлі - түсті қағаздан жасалған дөңгелектерді алып, өз атын, туған күнін, не істегенді ұнататынын жазады. Сосын барлық дөңгелекшелерді ватманға жапсырады. Басқарушы: «Бұл дөңгелектер неге ұқсайды,адамдарға байланысты ақпараттар жеткілікті ме? Осындай жолмен сабаққа қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда тұрады.

Ү. «Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс-қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимыл жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік. Өтінемін билейік. Ал енді бір - бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір - біріңізге жымиыңыздар. Ал енді қабағымызды түйеміз.

Тренинг. Мектепке дейінгі мекемеге келетін балалардың ата- аналарына арналған тренинг. Тақырыбы: Мен таңдаған өмірТренинг. Мектепке дейінгі мекемеге келетін балалардың ата- аналарына арналған тренинг. Тақырыбы: Мен таңдаған өмір


ҮІ. «Майшам».

«Тілек шамы» жағамын. Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңызға осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Бір - біріне шамды беріп тілек айту.

Құрметті ата-аналар бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге атсалысайық. Назарларыңызға мың алғыс!!!

© 2010-2022