Т дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Алакөл ауданы,

« Еңбекші орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар »

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мектепалды даярлық тобының мұғалімі:

Ж.Ө. Өмірсерікова

Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Т әрпін таныстыру.

2. Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.

3. Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: суреттер, текшелер, кеспе әріптер

Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :

I Ұйымдастыру бөлімі. / Балалармен амандасу, сабаққа назарларын аудару /. Балаларды шаттық шеңберіне шақыру. Балалар жүректен жылы сөздер шығарып айту. / қуанышты болу, күндей күлімде, мейірімді болу, гүлдей жайнау, т.б. /

II. Психологиялық дайындық. Үлкенге де « сіз »

Кішіге де « сіз »

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

III. Өткенді қайталау. Балалар өткен сабақтарда қандай дыбыс өттік. А дыбысы және әрпі. Дыбыс дегеніміз не? / естимиз /

Әріпті не істейміз? / жазамыз, оқи аламыз /

А дыбысы - дауысты. А дыбысынан басталатын сөздер айтқызу. / аю, ата, айна, алма, ат / А дыбысынан басталатын сергіту жаттығуын жасату.

« Алма баққа барамыз

Алма теріп аламыз

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлаймыз »

IV. Қызығушылық ояту. Балаларға жұмбақ жасыру

1.Үсті тас, асты тас,

Ортасында жанды бас

/ Тасбақа /

2. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу

/ Түлкі /

Балалар сонда бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Т дыбысы және әрпі.

V.Мағынаны тану. / суретпен жұмыс /. Торғайдың суретін көрсету. Ненің суреті? / Торғай /. Торғай сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? / Т /

Т - дауыссыз дыбыс. Сондықтан Т дыбысы көк түспен белгіленеді.

VI. « Буын » ойыны. Кеспе әріптен Т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрау. Мысалы: - т- а / та /

-а-т-а / ата /

-а-т / ат /

VII. Тіл ұстарту жаттығуын жасату.

Та - та - та

Ата, берші бата

VIII. « Тез ойла » ойыны. Суреттердің арасынан Т дыбысынан басталатын суреттерді тауып күн жасау.

IX. Суреттермен жұмыс. / Кітап, теледидар, сағат / Т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіріп, сұрау.

X. Сергіту жаттығуы: « Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі »

XI. Т дыбысының таңбасы Т әрпін ауада жазып үйрету. Т әрпінің баспа түрін таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау. Т әрпінің кіші және баспа әрпін жаздырту.

XII. « Шапалақ соғу » ойыны. Балаларға үстел, телефон, тақия сөздерін шапалақ соғу арқылы буынға бөлдіру.

XIII. Сергіту жаттығуы: « Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың »

XIV. Балалар, біз бүгін сабақта қандай дыбыспен таныстық. / Т дыбысы / Ендеше бүгінгі сабағымызды барлығымыз Т дыбысынан келетін бір-бір сөз айтып аяқтайықшы. / татулық, тамаша, туымыз, туыс, тыныштық, туған жер, тілек, тазалық, теңдік, таңғажайып, таңқалу, текемет, тілалғыш, табиғат, төзімділік, тәтті, таңертең /

© 2010-2022