Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы тақырыбының жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауаның табиғат пен адам өмірі үшін маңыздылығын ұғындыру. Оқушылардың ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін-біліктерін арттыру. Ауа туралы ұғымдарын бекіту.

Күтілетін нәтиже: Ауаның маңызы туралы толық мағлұмат алады,өз ойларын дәлелдеп еркін сөйлей біледі .Ауаны тазарту жолдарынбілетін болады.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Оқу құралдары: интербелсенді тақта

Оқыту техникалары: кластер,генеологиялық ағаш,араб грамматикасы,

Әдістер: мәтін бөліктері,Венн диограммасы,6 ойлау.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық

  • Бізге тамақ не ушін қажет?

  • Үлкен болып өсу үшін!

  • Жарық не үшін қажет?

  • Айналаны көру үшін!

  • Су не үшін қажет?

  • Сусынымыз қану үшін!

  • Ауа не үшін қажет?

  • Демалуымыз үшін!

  • Ендеше ауа туралы не білетінімізді еске түсірейік

Жаңа сабақ.

Блум таксономиясы бойынша

1 деңгей. Білу. Қарапайым сұрақтар қою арқылы өткенді еске түсіру.

Ауа деген не?

Ауа қай жерде болады?

Ауаның касиеттерін айт.

Ауа не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2 деңгей. Түсіну.

1) Араб грамматикасы арқылы сөйлемнің ішіндегі әріптерді тапқызу.

_у_н_ң қ_с__тт_р_

2) «Мәтін бөліктері» әдісін қолдану.

Мәтінді бөліп топтарға беру.

Осы бөліктің ішінен 5сұрақ шығарып,сол сұрақтарға жауап береді.

Сөз бөліктерінен мәтіндіқұрастыру (басқа топтың баласы шығып тексереді)

3 деңгей. Қолдану. Генеологиялық ағаш арқылы шешу.

Проблемалық сұрақ: Не себепті ауа ластанады?

Себебі: Зауыттардан,көліктерден ауаға газдардың бөлінуінен ластанады,табиғат пен адамдарға зиян келтіреді.

Салдары: Адамдар ластанған ауамен демалғандықтан денсаулықтарына нұқсан келеді.

Сергіту сәті.

«Қара жорға» биін билеу. Видеоматериалдан қимыл - қозғалыстарды қайталап отырып , би билеу.

4 деңгей.Талдау.

Балаларға ерте заманның тұрмыс-тірлігі жайлы мағлұмат алу үшін шағын видеоматериал қойылады.

Балалар Венн диограммасы арқылы қазыргі заман мен ерте заманды салыстырады.

Қазыргі заманда: көліктер,неше түрлі зауыттар,жарылғыш заттар,химиялық заттар,мұнай,көмір,ғарышқа ұшу т.б.

Ерте заманда: ат арбамен жүріп,тезек жаққан.

Ұқсастықтары: әдет-ғұрып,тіл,дін т.б.

5 деңгей. Жинақтау.

6 деңгей. Білімді бағалау.

Рефлексия

«6 ойлау» әдісін қолдану.

1) ақ түс (нақты фактілілер)

2) қызыл түс (мимика)

3) қара түс (қарсы шығу)

4) сары түс (қарсы емес)

5) жасыл түс(шығармашылық идея)

6) көк түс (қортындылау)

Үйге тапсырма: Ауаны тазарту жолдары туралы шағын жоба жасап келу.

Бағалау.

© 2010-2022