Балаларға ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:






Балаларға ағылшын тілін ойын арқылы үйрету



Балаларға ағылшын тілін ойын арқылы үйрету


«Біз ағылшын тілін игеруде

серпіліс жасауымыз керек.

Қазіргі әлемнің осы

«лингва франкасын» меңгеру

біздің еліміздің әрбір азаматына

өмірдегі шексіз жаңа

мүмкіндіктерді ашады».

Н.Ә. Назарбаев.

Ағылшын тілінің қажеттілігі - әлемге тән қажеттілік. Ұлы Абай ХIХ-ғасырдың өзінде-ақ «Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек», - деп өсиет еткен. Бүгінгі күні еңбек нарығында шетел тіліне сұраныстың өсуі, маңызының артуы оны халықаралық деңгейде меңгерудің мәжбүрлігі туып отырғаны бәрімізге мәлім.

Әрбір бала - ертеңгі маман, ендеше ата-аналар мен педагогтардың қазіргі заман талабына сай балаларға ағылшын тілін меңгертуді мақсат етіп отырғаны да осыған орай. Үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы - балабақша, сондықтан біз де ағылшын тілін меңгертудің түп негізін -балабақшадан ойын-сабақ арқылы бүгінгі күн талабына сай қолға алуды жөн көрдік.

Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуы, сөздік қорының молаюы, тілге қызығушылығы жедел қалыптасатыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Мұнымен қоса ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және ағылшын тілінде қатынасқа дайын үштұғырлы тұлғаны тәрбиелеу мақсаты туындауда. Өсіп келе жатқан бала дүниені шынайы, табиғи құбылыстарымен қабылдайтындықтан, бірқатар психологтар, тіл мамандары, ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерінде балаларға ана тілімен қатар, екінші тілді меңгертудің ең тиімді кезеңі 2 жастан бастап, 5 - 6 жасқа дейінгі кезең деп көрсеткен. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың кез келген тілді қабылдау қабілеті жоғары, сөйлеу апараттары таныс емес тілдің дыбыстарын айтуға икемді болады.

Психологиялық - педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, сөйлеу жеке тұлғаның негізгі танымдық, әрі қатынас құралы болып табылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың дәлелдеуінше, кіші жастағы балаларға тілді меңгерту нәтижелі болмақ, сонымен қатар сана мен іс әректтің бір- бірімен тығыз байланысты екендігін ескеретін болсақ, тілді баланың қимыл әрекетімен байланыстыра үйрету тиімділігі анықталған. В.А. Сухомлинский былай дейді:"Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды"- дейді. Балабақшада ағылшын тілін үйрету сөздік жұмысты қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай түрлі: сөздік, дидактикалық, қимылдық, желілі ойындар ұйымдастыру арқылы көзделген. Ең бастысы, педагог оқу іс әрекетінде ойындарды пайдаланғанда төмендегі міндеттерді ескергені дұрыс:

•ойынды баланың жас ерекшеліктеріне сай таңдау;

•ойынның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын айқындау;

•ойын арқылы қалыптасатын білім, білік дағдыларын білу.

Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындағы ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Өзім әр сабақта «Санамақ» ұлттық ойынын оқу іс әрекетін ұйымдастыруда қолданамын. Сабақтарымда кеңінен қолданылатын ойынның бір түрі - дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар - кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойынды дұрыс қолдана білсек, балалардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйренетін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойынның нәтижесі баланың білімді игеруі болып табылады. Балалар қызығып ойнайтын дидактикалық ойындар қатарына: "What is missing?", "Magic sack", "What do the animals say?", "Don't say 6" , "A funny fellow", сондай-ақ "Flies, flies…","Hands up-hands down", "Nick and Andy", "Mouse and Cat" т.б қимылды ойындарды жатқызуға болады. «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма», дегендей, ойынның қай түрі болсын зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, баланың еркіндігін қамтамасыз етеді, ал еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады.

Қорыта айтқанда ойын - баланың жан серігі. Баланың рухани жетілуі мен ой дүниесінің өркен жаюы шығармашылық, қимылды, сюжетті, әлде драмалық болсын баланың ой өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Ойынды дұрыс таңдап, ойынбарысында ағылшын тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, ауызекі сөйлей білуді меңгерту жұмысының нәтижелілігін арттырады деп есептеймін. Ойын ұйымдастырылған оқу іс әрекетін ширатады, балалардың ынтасын арттырады. Халқымыз ойынды бала тәрбиесінде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру, арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастан, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын - үйрету әдісінің ерекше түрі, үйренуге мәжбүр етпейді, ол баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.


© 2010-2022