Утренник Армысың, Жаңа Жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Армысың, Жаңа жыл!

Балалар музыкамен залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыңдар ата -аналар , қонақтар! Сәлематсыңдар ма, балалар. Сендер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер, сәнді киініпсіңдер. Ал, бүгін балалар қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа Жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер! Бәріміз қол ұстасып жүріп, ән айтайық.

Ән «Ақшақар»

Жүргізуші: Балалар, мына ортада әп әсем боп тұрған не?

Балалар: Шырша

Жүргізуші: Өте жақсы. Шыршамыз қандай әдемі. Ойыншықтары да көп екен. Қане, балалар, біздер тақпақтар айтамыз дейтіндеріңді ортаға шақырамыз.

(Дәулетияр, Мұрагер, Нұрдаулет, Ильназ, Дияс, Нұрханым, Ералы, Әмина)

Дәулетияр: Ауыл алды ақшақар,

Ақшақарға балалар,

Соғып жатыр аққала

Өздеріне шақ қана.

Нұрдәулет: Қыс келді, қыс боранды

Қырат көрпе оранды

Қыс келді, қыс мықты анық

Қайтсе де біз тоңбадық.

Ильназ:Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы, ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Диас: Аппақ, аппақ дала

Аппақ, ауыл қала,

Жапалақтап ақша қар

Жауа берші жауа

Мұрагер: Қыс келді, қыс ұйықтап

Қалды аюлар ұйықтап.

Қыс келді, қыс мұз - қарлы

Қыраулы да ызғарлы.

Ералы: Жылда осылай келеді,

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Нұрханым: Әдемілеп біз ілген

Ойншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Енжарлықты тастайық

Шырша тойын бастайық.

Жүргізуші: Балалар, тынышталайық. Естідіңдерме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақты қарсы алайық.

Ақшақар: Сәлематсыздар ма , балалар. Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын.

Жүргізуші: Саламатсызба, ақшақар! Біз өте қуаныштымыз төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әсем шырша, ойыншықтары қаншама. Ал шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр?

Ақшақар: шамдарды жағу үшін сиқырлы сөздер айтуымыз керек. Қане, балалар бәріміз шыршаға жақындайық.

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат. (3 рет)

-Балалар, қане осы шыршамызбен ойын ойнайықшы. Шырша шамын үрлеп сөндіреміз, сосын сиқырлы сөзімізді айтып шырша шамын жағамыз, жәрәй ма?

(ойын ойналады 1-2 рет)

Ақшақар: Қандай керемет біздер сиқырлы екенбіз ғой бәріміз.

(Аюдың даусы шығады)

Жүргізуші: Бұл кім екен?

Ақшақар: Қорықпаңдар балалар бұл аю. Қыста аю не істейді, балалар?

Балалар: Ұйықтайды.

Ақшақар: Аю ұйықтайды, ал біз оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып).

Аю, оян! Жаңа жылды қарсы алайық! Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп едің ғой, тұр енді. (Аю оянады)

Аю: Сәлематсыңдарма, балалар, қонақтар!

Жүргізуші: Аю сенімен біздің балалар ойын ойнағысы келіп отыр, қане ұйқыңды аш!

Аю: ой, қойыңдаршы мен ойнағым кеп тұрған жоқ. Одан да ұйықтайын. (шырша алдына жатады да ұйықтайды)

Ойын: «Аюды оятайық»

(Балалар аюдың қасына жаймен барып, топылдайды. Аю балаларды қуады да, қайта жатады. 2 - рет)

Аю: (керіліп, созылып оянып) Ақшақар, Аяз ата қайда?

Ақшақар: Аяз атаның жұмысы көп: шыршаны әдемілеу, балалардың балығына сыйлықтар жасау.

Аю: Мен орманға барып аяз атаны іздеп келейін. (аю шығып кетеді)

Жүргізуші: аю мен аяз ата келгенше Ақшақарға арнап би билеп берейік.

«Гномдар биі»

Ақшақар: Рахмет, балалар, қандай көңілді би билеп бердіңдер. Аю мен Аяз ата кешігіп жатыр. Қанеки , балалар, шақырайық оларды.

Балалар: Аяз ата! Аю! - деп 2 рет айтқанда есік ашылып, сыпырғышқа мінген мыстан кемпір кіреді.

Мыстан кемпір: Пай -пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін -ай! Үйге алып кетсем бе екен? (мыстан шыршаны түбінен жұлып алғысы келеді. )

Жүргізуші: мыстан кемпір! (Мыстан кемпір оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды.

«Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз тимеңіз біздің шыршамызға!

Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! (маңдайын сүртеді). Мына шыршаның тамыры тереңде екен, ойбүй жұлынбайды ғой. (осы кезде шыршадағы жылтыр кілтті көреді де) Мына кілтті қара, осы кілт бағана мен ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Сол , сондықтан керемет дәмнің иісі шығып еді. Мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей -ақ қояйын) (ай -хой кеттік сандық, қайдасың?)

Жүргізуші: балалар, Аяз ата мен Аю кешікті ғой. Мүмкін біздің балабақшаны таба алмай жүрген болар. Олар келгенше тақпағымызды айтайық. (ортаға : Іңкәр, Алихан, Фатима, Айкөркем, Әжібай, Жомарт)

Әжібай: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер, бізге сен!

Іңкәр: Тілеймін мен бар әлемде

Дос көп болсын жан ашыр.

Ата -әже, ата - әже,

Құтты болсын жаңа жыл.

Фатима: аспан жерге төнді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Айкөркем: өлең де әзір ән әзір

Ойын да әзір бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Алихан: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа нұр

Папа, мама, папа, мама

Құтты болсын жаңа жыл

Жомарт: Алақай, алақай,

Қуанды балақай.

Күз ауды қар жауды

Құс кетті, қыс кепті.

Дала қар күтеді. Жаңа жыл жетеді.

Есік сыртынан дауыстар естіледі, залға Аяз ата мен Аю кіреді.

Аю: балалар, мен Аяз атаны таптым. Міндетімді орындадым, сау болыңдар.

Аяз ата: Бүлдіршін балаларым амансыңдар ма!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан

Асау жолмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, Аяз ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік, тақпақ, әнді де айттық .

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балалар , Аяз атамен бәріміз «Шырша жырын» айтайық.

Ән - «Шырша жыры»

Ақшақар: Аяз ата мына жерде менің Ақшақарларымда билегісі келіп тұр, тамашалайық.

Би : «Ақшақар»

Жүргізуші: Аяз ата сіз кішкене демалыңыз. Біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыз. (Шыңғыс, Мерует, Нұрсұлтан, Назым, Зере, Аңсар.)

Шыңғыс: көрдің бе Аяз атаны,

Аппақ екен шапаны

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен сақалы

Мерует: Кетті көңіл шалқып ақ

Жұлдыздардай қалтырап

Аяз ата үстінде

Ақшақар жүр жалтырап

Нұрсұлтан: Аяз ата, аяз ата

Сені күтіп жүрдік біз

Томпақ қағып, арқаланып

Келеріңе сендік біз.

Назым: сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен

Зере: көрікті, бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма, анар өрікті

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Шырша жаны көңілді

Ойнап барлық бала жүр.

Аңсар: Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келеді

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сыйлық береді.

Жүргізуші: Келесі кезекте

би «Самбо»

Жүргізуші: Ал, енді қонақтар біз Жаңа жылға байланысты шағын көріністі көрейік.





«Көрініс»

Мешін: Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге

Жақсылықпен қуантатын жыл болып,

Қиындық жолатпасын елімізге.

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине барлық сыйлық мына сандық ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда?

Ақшақар: Білмедім.

Жүргізуші: Бағанағы шыршада ілініп тұрған кілт емес пе?

Аяз ата: Иә, иә сол кілт.

Жүргізуші: Аяз ата ол кілтті мыстан алып кетті.

Аяз ата: Қап, әттеген - ай!Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (осы кезде залға Мыстан кіреді)

Мыстан: А - а бәлем!Таптым тыптым! Сандық мында тұр екен ғой. Оны ашқысы келеді, бірақ еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді. )

Аяз ата: Қане, кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбуй, тағы не дейді!Сыйлық өзімізге де керек.

Аяз ата: Ах, бәлем! Мен сені қатырып тастайын.

Мыстан: Жоқ, жоқ қатырма. Менің қояр бір шартым бар, соны орындасаңдар кілт сендердікі.

Аяз ата: Ал айт шартыңды.

Мыстан: Осы отырған ата - аналармен ойын ойнағым кеп тұр.

Ойын « Кім шапшаң»

(шарты: Музыка ойнайды. Екі ата -ана, мыстан үшеуі шыршаны айналып билеп жүреді. Музыка тоқтағанда ортада тұрған пиманы біреуі тез киіп алу керек. )

Мыстан: Ойбүй, мыналар тіпті мені шыршатты ғой. Әй, мені бір терлеттіңдер. Мә, алыңдар кілттеріңді.

Аяз ата: Мұнда, балаларға дайындаған сыйлықтар бар. Қазір тәрбиешілерің таратып береді балалар.

Ал енді балалар, біздер жүрейік. Бізді басқа да балабақшадағы балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, жаңа жылды жақсы өткізуді мешінге тапсырдым.

Мешін: Балалар, қонақтар менің де сіздерге әкелген ән шашуым бар еді. Соны қабыл алыңыздар.

Ән «Ертегілер»

Жүргізуші: Тағы да Жаңа жыл,

Құтты болсын!

Жаңа жыл әр отбасына,

Қуаныш әкелсін!





«Құлыншақ» ясли бақшасы







Ертеңгілік

Тақырыбы: «Армысың, Жаңа Жыл»

Тәрбиеші: Бисембаева А. Р.







2015 - 2016 жыл











© 2010-2022