Тақырыбы: Шуағын шашқан аялы алақан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Шуағын шашқан-аялы алақан»

Мақсаты:8наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көтемі де -Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Қош,келдіңіздер!Аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,қадірлі ұстаздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!Аналар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Осы мерекеге орай даярлық «в»сыныбының ұйымдастырумен өткелі отырған «Шуағын шашақан-аялы алақан»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалардың «вальс» биін қабыл алыңыздар.

Балалаларымыздың қысқаша дайындаған бейне таспасына кезек берейік.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын?,

Ән болып қуаныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне Құрманқазықызы Жансаяның орындауында «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар.

Кезекті балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Дәулет.

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар.

Азамат.

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Қарақат.

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді.

Сыйлайды оны бар адам.

Әльазиз.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

Аналар туралы видеороликке кезек берейік.

Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады,құстар жылы жақтардан қайта оралады.Көктемде күн ұзарып,ауа-райының жылуынан қар ериді.Жер жырту ,ағаш отырғызу,егін егу жұмыстары жүргізіледі.Әр көктем бір ерекше,бір керемет,сыры бітпес бір тылсым.Мерекелер туралы айту.

Балалармен ойынға кезек берейік. Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту»

Ойын шарты:Балалар екіге бөлініп тұрады,арқанның екі жағына тұрып бір-бірлеріне тартады.Қай топ озине қарай екінші топты жықса,сол жеңімпаз болады.

Тосын сый ата-аналарға арналаған. (Ойын)

«Кім тапқыр?» деп аталады.

Ойынның шарты:Сипап сезу арқылы балаларын тауып алу.

Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді сөз көп дейін.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге.

Қол соғып ,қарсы алайық «Қазақ»биін.

Ортада қазақ биімен Тойғазиева Айсель қыздарыңызды қарсы алыңыздар.

Балалаларымыздың қысқаша дайындаған бейне таспасына кезек берейік.

Саруар Айданың орындауында «Домбыра» әні.

Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі «Көктем гүлі» атты сән үлгісі.

Хор «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

Балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.Балалардың тілектері.

Ата-аналармен вальс билейді.

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну.



Е.Өмірбаев орта мектебі.



Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы:«Шуағын шашқан-аялы алақан»





Өткізген:Муқашева Ш.Қ.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022