Ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті Жыл мезгілдері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Естияр тобына ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Ағылшын

Тақырыбы: « Жыл мезгілдері. Seasons »

Мақсаты:

Білімділік: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілі арқылы тілін дамыту, балаларға табиғат және оның әсемдігі туралы түсінік бере отырып, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл байлығын байыту, балалармен сұрақ-жауап арқылы диалог орнату.

Дамытушылық: Балаларға тақпақтар мен әндер айтқызып, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: сұхбаттасу, түсіндіру, әңгімелесу, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер: компьютер, слайд.

Жаңа сөздер: winter, autumn, spring, summer, sun, rain, snow, wind

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялы

-

ынталандыру

кезең

Психологиялық сәт

Шаттық шеңбері

Good morning, Good morning,

Good morning to you

Good morning, Good morning,

We are glad to see you!

  • Thank you, sit down, please

  • Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Астанамыз қай қала?

Балалар бір - бірлеріне күлімсірей қарап амандасады.



  • Қазақстан Республикасында

(үш тілде айту)

  • Астанамыз Астана қаласы

Ұйымдастыру

-

Ізденгіш кезең








  • Let's begin our lesson.

  • Балалар, бүгін бізде ағылшын іс - әрекеті. Бүгін біз сендермен «Жыл мезгілдері - S e a s o n s » тоқталатын боламыз.

  • Дайынбыз ба, балалар? Are you ready?

  • How many seasons in the year? Бір жылда қанша мезгіл болады?

  • Қане,балалар жыл мезгілдерін айтайықшы. Кім біледі?

  • Өте тамаша, дұрыс айтасыңдар балалар.

(бірнеше рет қайталайды)

Психологиялық жаттығу.

«Күн шуағы»


Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Бүгін ауа райы жылы, күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада қардың сықырлаған дауысы естіліп жатыр. Сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша. Ендеше,мен сендермен «сиқырлы сандар» деген ойын ойнағым келіп тұр. Балалар бұл сандар сиқырлы. Сандардың артында бүгінгі біздің қонағымыз жасырылған. Кім екенін білгілерің келе ма? Ол үшін сандарды ағылшын тілінде айтып беру арқылы мезгілдерді анықтайтын боламыз.

  • Дайынбыз ба, балалар? Are you ready?

  • Бір санын ағылшынша қалай айтамыз?

  • Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

  • Оны қалай білдіңдер? Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

  • Қыста не жауады? - Қар.

  • Қардан балалар не жасайды? - Аққала.



  • Дұрыс. Енді осы қыс мезгілін, аққаланы және қарды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Қыз мезгілін ағылшынша winter, аққаланы-snowflake , қарды -snow деп айтады. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: winter, snowflake, snow.

  • Келесі қандай сан? - Екі саны.

  • Екі санын ағылшынша қалай айтамыз?

  • Two. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

  • - Көктем мезгілі.

  • - Дұрыс. Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Оны қалай білдің дер? Көктемнің қандай ерекшеліктері болады?

  • - Бұл кезде күн жылынып, қар еріп кетеді. Айнала әдемі гүлдерге толады. Жаңбыр көп жауады. Ал жаңбырда қолымызға не нәрсе ұстаймыз? - Қолшатыр.

  • - Жарайсыңдар. Енді көктемді ағылшын тілінде айтып үйренейік. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: көктем-spring ,

  • - That's OK. Келесі қандай сан? - Үш саны.

  • - Үш санын ағылшынша қалай айтамыз?

  • - Three. Дұрыс. Енді мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? -Жаз.

  • - Жаздың қандай ерекшеліктер болады?

  • - Жазда күннің көзі жарқырап жайма шуақ болады.

  • - Жазда доппен ойнаймыз ба? -Ия.

  • - Ендеше, балалар, жазды, күнді ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. жаз-summer, күн-sun .

  • - Келесі қандай сан? - Төрт саны.

  • Төрт санын ағылшынша қалай айтамыз?

  • - Four. Дұрыс. Олай болса, мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Күз

  • - Күзде күн қандай болады? Балалардың жауабы.

  • -Тағы қандай ерекшеліктері бар?

  • Жеміс-жидектер піседі

  • Дұрыс. Олай болса, күзді ағылшынша айтайықшы күз-autumn

  • Тамаша балалар, қандай ақылдысыңдар. Қәне, тақтаға қарайықшы. Бұл кім екен?

  • Дұрыс таптыңдар, олай болса қонағымызды шақырайықшы

  • Бу-ра -ти-но

Қонақпен амандасайықшы

  • Сәлеметсіңдер ме, достарым!

  • Здраствуйте друзья!

  • Hello friends!

  • Мен сендерге тақпақ, жұмбақтар, алып келдім

Spring is green

[сприң из гриң]

Summer is bright

[саммэ из брайт]

Autumn is yellow

[отум из йелоу]

Winter is white

[уинтэ из уайт]



Көктем көк

Жаз жасыл

Күз сары

Қыс ақ



  • Жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Тынығып алайық

Up and down, up and down [ап энд даун]

Clap your hands and turn around [клэп ё хэндз энд төн эраунд]

Қолды көтерейік, түсірейік

Қолды соғып, айналайық.



  • Жақсы, орнымызға отырайық.

Жұмбақтар шешейік:

  • Суда мұз бар,

Жерде қар бар

Боран боп соғады,

Бұл қай кезде болады?

  • Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға то лады.

Бұл қай кезде болады?

  • Күн ысып,

Жеміс - жидек пісіп,

Ел пішенін орады,

Бұл қай кезе болады?

  • Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады

Бұл қай кезде болады?



  • Рахмет сендерге балалар. Сендер өте дарынды балаларсыңдар. Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Сендерге арналған сыйлығым бар.

  • Енді қоштасатын кезім келді. Сау болыңдар, балалар.

  • Good bye, kids!



- Yes!



  • Бір жылда төрт мезгіл бар.

  • Қыс, көктем, жаз, күз

Балалар тәрбишімен бірге қайталайды















One.

Қыс мезгілі.



  • Күн аязды, боранды, суық болады. Адамдар қалың киімдерін киеді.































  • Буратино



Тәрбиешімен бірге қайталайды.

















  • Қыс мезгілінде



  • Көктем мезгілінде



  • Жаз мезгілінде



  • Күз мезгілінде







  • Good bye

Рефлекциялы

-

Түзету кезең

Сонымен балалар, біз бүгін немен таныстық? - Жыл мезгілдерімен

- Балалар, біздерге қонаққа кімдер келді?

- Қандай тапсырмалар сендерге ерекше ұнады?

- Бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерің қандай?

- Жарайсыңдар, балалар. Сонымен ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасайық.



Good bye

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ағылшын тілінде жыл мезгілдерінің атауларын, ауа-райын, жыл мезгілдеріне байланысты түстерді біледі.

Игереді: жаңа сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Меңгереді: балаларға ағылшын тіліне тән ерекше дыбыстарды айтып үйренеді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шыншыл, қамқор болуға дағдылану







© 2010-2022