План на тему Менің Отаным на среднюю Б группу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

М.Хакімжанов «Отан»

Мақсаты:

Зат есімдерге тәуелдік жалғауын жалғап айтуға үйрету.

Міндеттері:

Туға, Отанға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Жолсерік киімі, үнтаспадағы автобекет дауысы,Астана қаласының көрнекі суреттері немесе макеті.

Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең



Ұйымдастырушы

кезең


Тәрбиеші жолсерік киімінде.

(үнтаспадан темір жол вокзалының дыбысы беріледі)

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін жүрдек поездпен еліміздің астанасына саяхатқа шығамыз. Поездқа отыру үшін бізге не қажет екенін сендер білесіңдер ме? -Сендер дұрыс айтасыңдар Ендеше, міне, менде бірнеше билет бар ала қойыңдар.(Екі түсті билет таратылады, әдемі ту түстес көк күн бейнеленеген және жай көк қағаз)

-Бірақ, біздің поездқа арнайы мерекелік билет қажет екен. Алдымызда келе жатқан тәуелсіздік мерекесіне арналған біздің туымыз бейнеленген билет. Кімде мерекелік билет жоқ өнер орталығына барып түрлі түсті қағаздан үлгіге қарап билет жасай беріңдер, ал қалғанымыз саяхатқа шыға берейік.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір біздің поезд бір жерден алыстап кеткенде дауысымызды ақырындатып поезд болып Чух-чух-чух деп дыбыстаймыз, ал тақаған кезде дауысымызды қатайтып шығарамыз.

-Поезд Павлодар қаласынан шығып туған жеріміздің астанасы Астана қаласына бет алды. «Чух-чух-чух»

Дидактикалық ойын «Экскурсия».

Тәрбиеші: Қызыл шам жанды Тоқта!

Ары қарай жол жоқ онда.

Әйнектерді ашыңдар,

Көшелерге зейін салыңдар

Сәл ойланып көріңдер,

Жауапты шапшаң беріңдер.

-Алдарыңда тұрған мына ғимарат қалай аталады?

-Бәйтеректің жанында не тұр?

-Мынау қандай ғимарат? Оның пішіні қандай?


- Билет алу керек.




-Дауыстарын ақырындатып «Чух-чух-чух» деп тәрбиешінің артынан тізбектеліп қолдарын қимылдатып, қайталайды.


-Бәйтерек.

-Бәйтеректің жанында Ақорда тұр.

-Бұл хан шатыры. Оның пішіні үшбұрыш.

Сергіту сәті

-Енді бәріміз бойымызды сергітіп алайық(барлық балаларды шеңбер бойына тұрғызады):

-Біз көңілді қыдырамыз,

Көшелерді аралап.

Саяхаттап қайтамыз

Ән көңілді айтамыз(аяқтарын қимылдатады)

Ля-ля-ля-ля(4 рет алақандарын шапалақтайды)

-Тақпақ сөзін қайталап, қимылдар жасайды.





Рефлексивті-түзетуші

Дидактикалық ойын «Не? Қандай?». (Балаларға Астана қаласының ғимараты, ескерткіштері бейнеленген, рәміздер бейнеленген суреттер таратылады,ол туралы айтулары сұралады)

-Балалар, бұлардың барлығы біздің Отанымыздың нышандары. Біз оны қадір тұтып қастерлеуіміз керек. әнұранды біз қалай айтуымыз керек.Қазір мен сендерге Отан туралы тақпақ оқып берейін. Ал сендер тақпақты жақсылап тыңдаңдар.

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды- Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

-Біз не үшін Отанымызды жақсы көреді екенбіз?

«Кубизм» әдісін қолданып белгілі ғимараттар мен нышандар туралы түсініктерін бекіту.

Суретте бейнеленген ескерткіштер мен ғимараттарға қатыстырып 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады.

-Бойымызды тік ұстап.

-Қолымызды жүрегімізге қойып.

Тақпақты тыңдайды.


Тәрбиешінің сұрағына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Рәміздердің атауын,Астана қаласының ғимараттарының атауын біледі.

Нені игереді:

Ғимараттарды сипаттайтын сөздерді айтуды игереді.

Нені біледі:

Әңгіме,тақпақ тыңдай біледі.


© 2010-2022