Өзін-өзі тану Махаббат-өмір өзегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Топ: Т-22

Сабақ: №1

Тақырыбы:

«Махаббат-өмір өзегі»


Негізгі мақсаты:

Адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Сенімді,адал дос болуға,адамдар арасындағы достықтың алатын орны туралы үйренеді.

Бағалау критерийлері:

  • Өз нәтижелерін болжау, бағалау критерийлерін білу және түсіну

  • Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін белсенділік таныту

  • Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалау

  • Тапсырмаларды орындау үшін өз білімін толық қолдану

  • Көзқарасын, ой-пікірін ашық білдіру

  • Сын тұрғысынан ойлана білу

  • Кері байланысқа ықыласпен қатынасу

Дереккөздер:

«Өзін-өзі тану» оқу құралы,аудио және бейнежазбалар,

әдістемелік құрал,үнтаспа,үлестірмелік құрал.

Модульдер:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер:

«Сәлемдесу»,

«Топтық жұмыс» «Сергіту сәті»,«Ой қозғау»

Диалогтық әдіс «Бейне баянды» талқылау.

«Жүректен-жүрекке»

Деңгейлік тапсырмалар Блум токсономиясы бойынша.

Топпен постер жасау.



Сабақ барысы


Сабақ барысы

Уақыт1сағ 20 минут

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.Ақырын музыка қою

10 минут

Сәлемдесу. Студенттердің психологиялық ахуалын көтеру,студенттер шеңбер құрып тұрады,олар оң жақтағы көршісінің әсем әдетін,сұлу қасиетін айтып мақтау керек.

Сабақтың мақсат -міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерилерін таныстыру.


Сәлемдеседі. Топта ынтымақтастық орнатылады.


Музыка АКТ

Аудиожазба «Ана туралы жыр»

сөзі Ғ.Қайырбеков,

әні:Ш.Қалдаяқов.

«Миға шабуыл»


15 минут

Студенттерді 4 топқа түстер арқылы бөлу. «Спикер» әдісі бойынша топта жұмыс ұйымдастырылады.

Сұрақтарға жауап береді,тақырып мазмұнын ашады.

1.Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымын қалай түсінесіңдер?

2.Адамға махаббат не үшін керек?

3.Адам сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?

4.Махаббат сезімі дегенді қалай түсінесіңдер?

Студентер түстер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Конфертте сұрақтар,бағалау парақшалары,топ басшысының бағалауы.

Шығармашылық әрекет: «Ой қозғау»

«Ойшылдардың шартты белгілері»

«Дананың кілттері»






20 минут

Тони Райанның «Дананың кілттері» әдісі арқылы бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға студенттерді қызықтыру, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға, ойды жинақтап, берілген шығармалардан өз ойларын жеткізу.

1.«Егер де» кілті

2.«Әліпби» кілті

3.«Қиыстыру» кілті

4.«Кемшіліктер» кілті

Кілттерді әр топқа табыстау.

Топтағы оқушылар алған кілтін анықтайды, болжайды, жоспарлайды, ойды дамытады,алған білімдерін жинақтайды, түйіндеп тұжырымдайды, хабарлайды.

«Егер де» кілті түскен топ - өз-өздеріне «егер де» деген сұрақ қою арқылы ой өрбітіп қиялға ерік беріп тұжырымдар жасайды.

2.«Әліпби» кілті түскен топ - осы шығармаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектейді.

3.«Қиыстыру» кілті түскен топ - үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалау, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіреді.

4.«Кемшіліктер» кілті түскен топ - шығармаға байланысты нақты және кемшіліктері жайлы айтады.

Студенттерді бағалау үшін смайлктер беріледі және кілттер.


Даналық тағлымы:

Бейнежазба «Қыз Жібек пен Төлеген»

«Топтық жұмыс»



15 минут

Фильмнен үзінді көреді:Студенттер осы фильмнен кейін топтық жұмыс орындайды: «Ер мен әйел арасындағы махаббат» 1-3 топ ерлер махаббаты жайлы ой қозғайды,2-4 әйел махаббаты жайлы ой қозғайды. Постерді 3 бөлікке бөледі:

1.Ер мен әйел махаббаты

2.Махаббаттан кейінгі отбасылық өмір

3.Отбасылық өмірдеге ер мен әйел рөлі


Постерді қорғау.Студенттер постермен бір-бірімен ауысады.




Спикер әдісі бойынша постерді қорғау,бағалау парақшаларын толтыру.




Сергіту сәті



10 минут

«Өтірік детекторы» ойыны



Бір студентті ортаға шығару,

студенттер Блум таксономиясы бойынша сын тұрғысынан ойлану сұрақтарын қояды,бағалануы «Бесбармақ»

Шыншылдыққа тәрбиелейді,диалогқа түседі. «Бесбармақ»арқылы бағаланады.



«Жүректен -жүрекке» кері байланыс

10 минут

«Жемісін күткен алма ағашы» жапырақ,

алма сабақ соңында іледі.

1.Сабақ ұнаса қызыл алма іледі

2.Тағы қаралатын мәселелер бар,уақыт қажет-жасыл жапырақтар.

3.Еш нәрсе ала-алмадым-сары жапырақтарға жазылған пікірлерін «Жемісін күткен алма ағашына» іледі.

Кері байланыс жасалады.

Үйге тапсырма:


«Менің алғашқы махаббатым» эссе жазу.
















© 2010-2022