Мамандықтың бәрі жақсы тақырыбында тәрбие сағаты. Даярлық топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

Жоспары:

1. Кіріспе. Сұрақ - жауап.

2. Оқушылардың әдеби монтажы.

3. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

4. Ойын: «Кім жылдам?»

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы.

«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп болу бәріміздің арманымыз.

Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.

Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді тәрбиелі болуы керек.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мұғалім:

Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал - мәтелдер біледі?

  • Еңбек түбі - береке.

  • Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

  • Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

  • Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.

  • Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

  • Шеберді саусағы асырайды.

  • Еріншектің ертеңі бітпес.

  • Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  • Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

  • Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.

  • Бір тал кессең, он тал ек.

  • Тігіншіні инесі асырайды.

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

1 - оқушы:

Еңбек - адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

2 - оқушы:

Ал мамандық - еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.

3 - оқушы:

Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім:

Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

Еңбек қызметі

Ой еңбегі Дене еңбегі

Ақын ұстаз дәрігер құрылысшы шахтер ұста

- Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.

- Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?

- Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.

- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

- Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, ғарышкер, тігінші, т.б.

- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

- Мұғалім, кітапханашы, тігінші, шаштараз, дәрігер, шахтер, ұшқыш т.б.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін.

Ортаға екі баладан шығып карточкада қандай мамандық суреті болса, сол мамандыққа диалог жүргізеді.

Ойын: «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)

Желілі - рөлді ойындары, тақпақтар.

Балалар әр мамандық сай өз ойларын, ойынға қажетті құралдарымен жабдықталған бұрыштарда рөлдерді өзара бөлісіп алып, ойын желісін өрбете ойнайды.

Дәрігер:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп - көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

  • Мен дәрігер боламын. Мен дәрігер боламын, себебі дәрігер қай жер, қандай уақытта ауырған адамға көмекке келеді. Дәрігер адамның тек ауыруын ғана емдеп қоймай, жанын да емдейді. Сондықтан дәрігерлерді «Ақ халатты абзал жандар» дейміз.

Шаштараз:

Сән үлгісін қиятын

Шаштараз болам жолына

Түрлі-түрлі шаш қиып

Қызмет етем халқыма.

Сатушы:

Жақсы оқып сабақты

Мақсатым бұл ұраным

Үлкен болып өскенде

Сатушы боп тұрамын.

Маи:

Елге қызмет етемін

Шаршамаймын мен бірақ

Күні-түні май боп

Ұйықтамаймын мен бірақ.

  • Мен - полиция боламын. Полиция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Құрылысшы:

Кірпіштерді қаладым,

Қазықтарды қададым.

Салып алып үлкен үй,

Сүйсініп көп қарадым.

  • Біз-құрылысшымыз. Құрылысшылар арнайы білім алады. Олар үйлер, сәнді ғимараттар, үйлер салады. Үйді ағаштан, кірпіштен, бетоннан тұрғызады.

Мұғалім:

Мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда өзіміздің осы ауылдың

Бөбектерін оқытып үйретіп

Мұғалима боламын.

  • Мен мұғалім боламын. Мұғалім әріптерді үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.

Аспазшы:

Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын

Халқым сүйген ардақты

Мен аспазшы боламын.

  • Мен аспазшы боламын. Аспаз мамандығы өте қиын да қызықты. Тамақты неғұрлым шын көңілмен жасасаң, соғұрлым дәмді болады.

«Ас - адамның арқауы» деген нақыл сөз осыдан шыққан.

Домбырашы:

Ойыншыққа бұрын мен,

Қызыққан да шығармын.

Қазір осы түріммен

Домбыраға құмармын.

Қолы жетпей мойнына,

Қиналамын мен тегі.

Алып жатып қойныма,

Түсімде де шертемін.

  • Мен ақын боламын. Нұрмат ағам сияқты айтыстарға қатысып жүлделі орындарға ие боламын.

Тігінші:

Жүннен, жібек матадан

Тоқитұғын матаны,

Танимыз жұрт мақатаған

Тоқымашы апаны.

  • Мен тігінші болғым келеді. Менің анам тігінші, сондықтан да менде қуыршақтарыма көйлек тігіп үйреніп жүрмін.

Ғарышкер:

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам-жан ағам

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.

  • Мен-Талғат Әубәкіров ағам сияқты ғарышкер боламын.

Жүргізуші:

Мәшинем оталды,

Орнынан қозғалды.

Жолымды байқаймын,

Асықпай айдаймын.

  • Мен жүргізуші боламын. Жүргізуші баратын жеріне тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.

Шахтер:

Шахтерді ел біледі,

Оған сарай жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.

Бала оқитын зәулім үй

Қалмауы үшін суынып,

Үйіп көмір тауды ылғи,

Береді ол жылылық.

  • Мен шахтер болғым келеді. Жер астын қазып, ауылдың барлық үйлері жылы болуы үшін көмір шығарамын.

  • Мен мұнайшымын. Мұнайдан алынатын жанармаймен мәшинелер жүреді. Мұнайдан парафин алынады. Үйімізде электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз.

Ұшқыш:

Ар- намысын сақтаған

Жүректе сыр жаттаған

Жан тәнімен сақтаға

Ұшқыш болғым келеді

Аграном:

Нан беремін баршаға

Жер маманы болам мен

Барып жүрмін бақшаға

Аграном ағаммен

Қорытындылау.

  1. Мамандықтың бәрі жақсы, тек белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек.

  2. «5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты.

Барлығымыз бірдей құрылысшы, мұғалім, ұшқыш, дәрігер бола алмаймыз.

Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз әртүрлі.

Біреуің ертең ақын, екіншің тігінші, үшіншің полиция боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.







© 2010-2022