Балабақша Дарабоз спорттық сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы : Денсаулық

Бөлімі : Денешынықтыру

Тақырыбы : "Дарабоз" спорттық сайысы

Мақсаты : Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру . Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену , оларды қолдану .

Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру . Ептілікке , шапшаңдыққа , салауатты өмір салтына , тазалыққа тәрбиелеу .

Көрнекіліктері : Сайыс тақырыбы , жар қағаздары , эмблема .

Керекті құралдар : Кеглилер , боулинг доптары , жалаушалар , доптар ,арқан .

Барысы :

Тәрбиеші : Құрметті қонақтар , ұстаздар және бүлдіршіндер ! Бүгінгі "Қарлығаш " ортаңғы тобының "Дарабоз" атты спорттық сайысына қош келдіңіздер !

Әр таңды бақытпен атырамыз ,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз .

Сайысқа қатысуға енді ортаға ,

"Тұлпар" , "Қыран" топтарын шақырамыз .

Ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырайық .

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылары :

Әдіскер : Н . Ермекбаева

Медбике : Г . Жанбирова

Тәрбиеші : Д . Джалгасова

Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар .

1 . Топ ұраны .

"Тұлпар" тобы

Желмен бірге жарысқан

Тұлпар қалмас жарыстан .

"Қыран " тобы

Қырандай күшті қанатты

Біз өрендер талапты .

2 . "Кім жылдам ?"

Шарты : Балалар белгіленген жерге дейін жалаушамен жүгіріп қайтады .

3 . Боулинг .

Шарты : Балалар қатар қойылған кеглилерді құлатуы қажет .

4 . Кедергілерден өту .

Шарты : Балалар кедергілерден шатаспай өтіп жүгіріп қайтуы керек .

5 . Кенгуру .

Шарты : Допты аяқтың қылтасына қысып алып екі аяқпен секіріп белгіленген жерді айнала , қайтарда допты қолға ұстап жүгіру .

6 . Арқан тартыс .

Шарты : Екі топ балалары арқан тартысады .

Тәрбиеші :

Біреу озса жарыста ,

Біреу артта қалады .

Жеңілгендер ренжімей ,

Тараса бізге жарады , - деп сөзді әділқазыларға береміз .

Сайыскерлерді марапаттау .

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп рақмет , сау болыңыздар .


© 2010-2022